Тәжікстан азаматтары жерлесін ұрлап, ақша талап етті

16 тамыз 2023, 14:25

 

Алматыда Тәжікстан азаматтары өз жерлесін ұрлап кетіп, ақша талап етті. Қалалық Полиция департаменті хабарлағандай, 32 жастағы М. есімді Тәжікстан азаматының жоғалып кеткені туралы полицияға оның жерлесі арыз жазды. Ер адамның айтуынша, азамат М. 13 тамызда досымен кездесуге кетіп, қайтып оралмаған.

Алматы қаласы ПД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының бастығы Жанат Нұрғалиев: «Жедел тергеу тобы құрылды. Қылмыстық кодекстің 125-бабы (адамды ұрлау) бойынша қылмыстық іс тіркелді. М.-нің ұрланғанын, оны қай жерде күшпен ұстап отырғанын анықтадық. Белгілі болғандай, Алматының Медеу ауданында пәтер жалға алынған. Полиция арнайы жасақтарының көмегімен арнайы іс-шара жүргізілді. 20 мың доллар көлемінде өтемақы талап ету үшін отандасын ұрлап кеткен Тәжікстанның 6 азаматы ұсталды. Олар оны ұрып-соғып, бүкіл процесті видеоға түсірген, – деді.

Полиция өкілінің айтуынша, күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды. ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес, өзге ақпарат тергеу мүддесіне орай жарияланбады.

JQ-Aqparat

 

 

Бүгін, 10:38
Мақсат Мақтабек: Заң – азаматтардың қорғаны
Бүгін, 10:29
Түркістан: Қоғамдағы қауіпсіздік – тәртіп сақшысының күнделікті жұмысы
07 тамыз, 14:33
Түркістан: Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың жолын кесу және пробация
07 тамыз, 14:01
Түркістан: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыруға арналған шаралар
05 тамыз, 14:39
Түркістан: Қауіпсіздікті сақтау маңызды
01 тамыз, 16:07
Түркістан: «Қауіпсіз қоғам» жобасы - қоғам айнасы
01 тамыз, 11:27
Түркістан: Жазғы демалыстағы қауіпсіздік шаралары
29 шiлде, 15:38
Түркістан: Үздік полицейлер марапатталды
29 шiлде, 14:58
Әйгерім Исаева: Арнайы жасаққа жүрек жұтқан жауынгерлер қабылданады