jasqazaq.kz

Тазару күні әскерилер гарнизондарда экологиялық бастамалар өткізді

Бүгін, 19:13

Наурызнаманың соңғы күні – Тазару күні Қарулы күштердің әскери қызметшілері ағаш отырғызу, аумақты тазалау және абаттандыру акцияларын өткізді.

Шымкент гарнизонындағы 10216 әскери бөлімінің жеке құрамы экологиялық акция өткізді. Әскери қызметшілер ағаш көшеттерін отырғызып, аумақты тазалау және абаттандыру жұмыстарын жүргізді.

— Тазару күні – Наурызнаманың соңғы кезеңі ғана емес, таза оймен және әлемді жақсартуға деген ниетпен жаңа жылды бастау болып табылады, – деді бөлім командирі подполковник Дәулетбек Қоғабаев.

Сабыр Рахымов атындағы әскери колледжде әскери қызметшілердің, оқытушылар және тәрбиеленушілердің қатысуымен экологиялық акция өтті. Оқу орнының жеке құрамы аумақты ретке келтіріп, оқуға және демалуға ыңғайлы әрі қолайлы орта жасады.

Бұл күні Бауыржан Момышұлы атындағы механикаландырылған бригада шабуылдау батальонының келісімшарт бойынша әскери қызметшілері мен сарбаздары, әскери бөлім аумағында ағаш көшеттерін отырғызып, игі іске атсалысты. Бұл шара әскери ұжымдағы бірлік рухын нығайтуға септігін тигізді.

Экологиялық бастаманы Жетісу гарнизоны да белсенді қолдады. 18386 әскери бөлімі әскери қызметшілері ұлттық киімде көшет отырғызып, дәстүр мен табиғатты қорғау арасындағы үйлесімділікті көрсетті.

Тазару күні өткен осындай игі істер қоршаған ортаны сақтаудың маңыздылығын білдіреді, патриоттық құндылықтарды нығайтады және туған жерге деген жауапкершілік сезімін арттыруға ықпал етеді.

Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі

20 наурыз, 11:24
Қорғаныс қабілеті мықты мемлекет ертеңге сеніммен қарайды
19 наурыз, 12:31
Әскери ынтымақтастық: Қуатты қорғаныс саясатының берік кепілі
18 наурыз, 13:39
«Таза Қазақстан» әркімнің өзінен басталады
18 наурыз, 12:56
Мирас Тоқтарханов: Абай облысында ауыл шаруашылығының барлық бағытына қолдау бар
17 наурыз, 15:22
Мұнай өңдеу: Әлеует пен әрекет үндескенде
17 наурыз, 12:25
Рәтбек Демеуберген: Біздің басты міндетіміз - кез келген жағдайға жедел әрекет ету
16 наурыз, 14:26
Бауыржан Ізмағамбетов: Ауыз су жүйесімен қамту деңгейі 100 пайызға жетті
15 наурыз, 14:02
Шавкат Рахмонов Қонаев қаласында дауыс берді
15 наурыз, 13:36
Қызылорда: Қазақтың үш ханы дауыс беруге келді