jasqazaq.kz

«Таза Қазақстан»: Алматының Жетісу ауданында Сейфуллин–Жансүгіров жолайырығын көгалдандыру жалғасып жатыр

25 қараша 2025, 18:30

 

Алматының Жетісу ауданында «Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында көгалдандыру және көріктендіру жұмысы қарқынды жүріп жатыр. Ауданның мәліметінше, бүгінгі күнге дейін 800 түп көшет отырғызылды, сондай-ақ Сейфуллин–Жансүгіров жолайырығы маңында ірі көлемді ағаш егу жалғасып келеді. Жалпы, бұл аумақта 500 түп үйеңкі мен жөке отырғызылады.

Жолайырықтың айналасында қоғамдық кеңістіктерді кешенді көріктендіру толық аяқталды. Жалпы аумағы – 3,4 гектар. Мұнда 30,4 мың м² аумақ көгалдандырылып, 5,8 мың м² кеспе тас төселді, суару жүйесіне арналған жеті ұңғыма бұрғыланды және 3,5 гектарға автоматты суару жүйесі орнатылды. Бұдан бөлек, 14 мың бұта, 192 ағаш және 2 400 гүл егіліп, екі альпілік төбе жасалды.

Жалпы алғанда, биыл Жетісу ауданында ағаш егу жоспары толық орындалды — барлығы 1 300 көшет отырғызылды. Барлық жасыл желекке тиісті күтім жасалады, ал қураған ағаштардың орнына дереу сау ағаштар егіледі.

JQ-Aqparat

Сурет: Алматы қаласы әкімдігі 

Бүгін, 14:26
Бауыржан Ізмағамбетов: Ауыз су жүйесімен қамту деңгейі 100 пайызға жетті
15 наурыз, 14:02
Шавкат Рахмонов Қонаев қаласында дауыс берді
15 наурыз, 13:36
Қызылорда: Қазақтың үш ханы дауыс беруге келді
13 наурыз, 17:27
Елімізде теміржол инфрақұрылымы жаңғыртылып жатыр
13 наурыз, 16:07
Тіршілік нәрі - судың нарқы қашанда қымбат
12 наурыз, 15:28
Қызылордада тұрғын үй құрылысы қарқын алып келеді
11 наурыз, 12:19
«Таза Қазақстан» акциясы биыл өз жалғасын таппақ
10 наурыз, 15:21
Сұңғат Есімханов: Елімізде 163 жаңартылатын энергия нысаны жұмыс істейді
05 наурыз, 16:08
Батыс Қазақстанда су тасқынына қарсы дайындық шаралары күшейтілді