jasqazaq.kz

«Таза Қазақстан»: Алматыда «Қағаз boom» экологиялық акциясы өтті

14 қараша 2025, 17:37

2025 жылғы 14 қараша күні Жетісу ауданының комьюнити-орталығында «Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында «Қағаз boom» экологиялық шарасы ұйымдастырылды. Шараның негізгі мақсаты – қоғамда экологиялық мәдениетті дамыту, қалдықтарды сұрыптау дағдыларын қалыптастыру және тұрғындардың экосана деңгейін арттыру.

Акцияға аудан тұрғындары, жастар және студенттер белсенді қатысыпщ шамамен 2 тоннаға жуық макулатура жиналып, арнайы қабылдау пунктіне жөнелтілді.

 

«Қоршаған ортаны қорғау – баршамызға ортақ жауапкершілік. Бүгінгі «Қағаз boom» акциясына тұрғындардың белсенді қатысуы олардың экологиялық мәдениетінің артып келе жатқанын көрсетеді. Біз алдағы уақытта да экологиялық бастамаларды дамытып, жастарды табиғатты аялауға баулуды жалғастырамыз», – деді Жетісу ауданы комьюнити орталығының жетекшісі Есен Әбдіхалық.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай экологиялық шаралар алдағы уақытта да тұрақты түрде өткізіліп, тұрғындарды табиғатты қорғау мәдениетіне кеңінен тартуға мүмкіндік береді.
JQ-Aqparat

Сурет: Алматы қаласы әкімдігі 

16 наурыз, 14:26
Бауыржан Ізмағамбетов: Ауыз су жүйесімен қамту деңгейі 100 пайызға жетті
15 наурыз, 14:02
Шавкат Рахмонов Қонаев қаласында дауыс берді
15 наурыз, 13:36
Қызылорда: Қазақтың үш ханы дауыс беруге келді
13 наурыз, 17:27
Елімізде теміржол инфрақұрылымы жаңғыртылып жатыр
13 наурыз, 16:07
Тіршілік нәрі - судың нарқы қашанда қымбат
12 наурыз, 15:28
Қызылордада тұрғын үй құрылысы қарқын алып келеді
11 наурыз, 12:19
«Таза Қазақстан» акциясы биыл өз жалғасын таппақ
10 наурыз, 15:21
Сұңғат Есімханов: Елімізде 163 жаңартылатын энергия нысаны жұмыс істейді
05 наурыз, 16:08
Батыс Қазақстанда су тасқынына қарсы дайындық шаралары күшейтілді