Таза қала коммуналдық қызмет ақысын уақтылы төлеуден басталады

23 тамыз 2023, 12:36

Шымкенттіктер тұрмыстық қатты қалдыртарды шығарумен айналысатын компанияларға 314 млн. теңге қарыз. Бұл 1,2 миллион халқы бар қала үшін аз сомма емес екені белгілі. Иә, бүгінде БАҚ пен әлеуметтік желілерде тұрмыстық қатты қалдықтардың уақтылы шығарылмауына, қоқыс контейнерлерінің дұрыс тазаланбауына қатысты сын жиі айтылады. Кейбіреулер бәрі тендердің кесірінен екен деп те жатады.

Бірақ, мәселе тендерде емес екен. Байқап қарасақ, қоқыстың уақтылы шығарылмауының 2 түрлі себебі бар болып шықты. Біріншіден, халықтың тұрмыстық қатты қалдықтарды шығару қызметімен айналысатын компанияларға қарызы қордаланып қалған. Екіншіден, қоқыс шығару қызметі үшін мердігер компаниялармен келісімшарт жасауға асықпайды.

Келісімшарт жасасқанына қарамастан қызмет ақысын төлемейтін тұрғындар да аз емес екен. Сонымен нақты деректерге тоқталсақ, Шымкенттегі 5 ауданның әрқайсысына жауапты мекемелер бекітілген. Тұран ауданында тазалық жұмыстарымен айналысатын 3 мекеме бар. Тұрғындардың оларға қарызы 39,4 миллион теңгеге жеткен.

Әл-Фараби ауданында да қалыптасқан. Бұл ауданда 2 903 абонент немесе 9 700-ден астам тұрғын мердігер компаниялармен келісімшарт жасамаған. Тұрғындардың қарызы 24 миллион теңгені құрайды. Атап айтқанда, аудан тұрғындары «ШымкентСпецКомплекс» ЖШС-іне — 18,3 миллион теңге, ал, «Арнаулыавтокөлік» компаниясына — 5,7 миллион теңге қарыз болған.

Абай ауданында 49 300 абоненттің мердігер компанияларға жиынтық қарыз көлемі — 49,5 миллион теңге. Айталық 18 мыңнан астам халқы бар Ақжайық және Бозарық шағын аудандарына қызмет көрсететін «ЖанМейір» компаниясы өз клиенттерінен 19 миллион теңге қарызын өндіріп ала алмай отыр. Ал, тұрғындардың «Бастау» ЖШС-інің алдындағы қордаланған қарызы 18 миллион теңге болыпты. Сондай-ақ, осы ауданда 10 мыңнан астам азамат тұрмыстық қатты қалдықтарды шығарушы компаниялармен келісімшарт жасамай, бұл қызмет үшін ақы төлемей отыр.

Еңбекші ауданына тоқталар болсақ, мұнда тұрғындардың мердігер компаниялардың алдында 74 миллион теңгелік берешегі қордаланып қалған. Оның ішінде тұрғындар «Арнайыавтокөлік» ЖШС-іне — 64 миллион, «ЭкоКомТазалық» компаниясына — 10 миллион теңге қарыз болып отыр.

Қаратау ауданы тұрғындарының 5 коммуналдық мекеменің алдындағы қарызы 89,9 миллион теңгеге жетіпті. Расында 1,2 миллионға жуық халқы бар үлкен қаланың тұрмыстық қатты қалдықтарын күнделікті шығарып, тазалықты сақтап отыру өткен ауқымды жұмыс. Бұл жұмыс үлкен қаржы мен өзге де ресурстарды талап етеді.

Мерей Әлімбек

Бүгін, 14:33
Түркістан: Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың жолын кесу және пробация
Бүгін, 14:01
Түркістан: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыруға арналған шаралар
05 тамыз, 14:39
Түркістан: Қауіпсіздікті сақтау маңызды
01 тамыз, 16:07
Түркістан: «Қауіпсіз қоғам» жобасы - қоғам айнасы
01 тамыз, 11:27
Түркістан: Жазғы демалыстағы қауіпсіздік шаралары
29 шiлде, 15:38
Түркістан: Үздік полицейлер марапатталды
29 шiлде, 14:58
Әйгерім Исаева: Арнайы жасаққа жүрек жұтқан жауынгерлер қабылданады
29 шiлде, 13:40
Түркістан: Жарты жылдың ішінде қылмыс азайды
26 шiлде, 11:34
Мұхит Тұрғараев: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыру бағытында үздіксіз жұмыс жүргіземіз