jasqazaq.kz

Тәуелсіздік күніне орай паравелоспорттан Қазақстан Кубогы өтті

16 желтоқсан 2025, 14:20

15-16 желтоқсан күндері Астанадағы «Сарыарқа» велотрегінде Тәуелсіздік күніне орай паравелоспорттан Қазақстан Кубогы өткізілді. Жарысқа тірек-қимыл аппараты бұзылған спортшылар, сондай-ақ интеллектуалдық даму ерекшеліктері бар параспортшылар қатысты. Турнир Қазақстанның паравелоспорт федерациясының қолдауымен және ұйымдастыруымен өтті.
Екі күнге созылған бәсекеде спортшылар әртүрлі қашықтықта бақ сынап, ел біріншілігінің жүлделері сарапқа салынды.
Жарыстың екінші күні салтанатты марапаттау рәсімі өтіп, жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталды.
Мәжіліс депутаты, қоғам қайраткері Сейітжан Кенжеғұл: «Жеңімпаздарды шын жүректен құттықтаймын, баршаңызға сәттілік тілеймін. Келесі жылы тағы да кездесеміз деп үміттенемін. Барлығыңызды міндетті түрде күтеміз. Бүгін жүлдеге іліге алмаған балаларға айтарым — келесі жылы жақсылап дайындалып, жарысқа келіңіздер. Биыл біз алты облысты қамтыдық, ал келесі жылы оннан астам өңір қатысса, мақсатымыздың орындалғаны деп білеміз.
Қазақстан велоспорт федерациясына және жарыстың өтуіне қолдау көрсеткен барша азаматтарға алғысымызды білдіреміз»‘ — деді.
Кубок шеңберінде 3 шақырымдық жеке жарыс ерекше тартысты өтті. C санатында Қостанай облысының өкілі Павел Бабенко 4:30,62 уақыт көрсеткішімен жеңіске жетті. Екінші орынды астаналық Ринат Марденов, үшінші орынды Алматы қаласының спортшысы Дәурен Ахметов иеленді. I1 санатында Астана қаласының өкілі Владислав Толомасов үздік нәтиже көрсетіп, Кубок жеңімпазы атанды. Күміс медаль Алдияр Жолманға бұйырса, қола жүлдені Ахмет Буюрған иеленді.
Командалық есепте ең жоғары нәтиже көрсеткен Астана құрамасы (4 алтын, 5 күміс, 3 қола) жалпы есепте бірінші орынды иеленді. Екінші орын — Қостанай облысына, үшінші орын — Алматы қаласына тиесілі болды.
Жарыс аясында Velolegend командасының 17 спортшысы C және I санаттары бойынша өнер көрсетті. Қатысушылар географиясы Астана қаласын, Қарағанды, Алматы, Ақмола және Қостанай облыстарын қамтыды. Бұл елімізде паравелоспортқа деген қызығушылықтың жыл сайын артып келе жатқанын айқын көрсетеді.
Паравелоспорттан Қазақстан Республикасы Кубогы — инклюзивті және бейімделген спортты дамытудағы маңызды алаң. Аталған жарыс еліміздің үздік параспортшыларын анықтауға, паравелоспортты кеңінен насихаттауға және барлық спортшылар үшін тең мүмкіндіктер қалыптастыруға бағытталған.
Сурет: el.kz

Бүгін, 14:26
Бауыржан Ізмағамбетов: Ауыз су жүйесімен қамту деңгейі 100 пайызға жетті
15 наурыз, 14:02
Шавкат Рахмонов Қонаев қаласында дауыс берді
15 наурыз, 13:36
Қызылорда: Қазақтың үш ханы дауыс беруге келді
13 наурыз, 17:27
Елімізде теміржол инфрақұрылымы жаңғыртылып жатыр
13 наурыз, 16:07
Тіршілік нәрі - судың нарқы қашанда қымбат
12 наурыз, 15:28
Қызылордада тұрғын үй құрылысы қарқын алып келеді
11 наурыз, 12:19
«Таза Қазақстан» акциясы биыл өз жалғасын таппақ
10 наурыз, 15:21
Сұңғат Есімханов: Елімізде 163 жаңартылатын энергия нысаны жұмыс істейді
05 наурыз, 16:08
Батыс Қазақстанда су тасқынына қарсы дайындық шаралары күшейтілді