jasqazaq.kz

Тәуекел Мүсілім: Асырай алсаң, неге тоқал алмасқа?

27 қараша 2017, 17:38

Талай қызға арман болған еліміздегі ең танымал бойдақ Тәуекел Мүсілім үйленуге асықпайтынын айтты. Ол отбасын құру мәселесіне келгенде “жеті рет өлшеп, бір рет қана кесетінін” мәлімдеді. Себебі әкесіз өсудің қиыншылығын сезінген ол болашақта балаларының толыққанды отбасында тәрбиеленгенін қалайтынын жасырмады.

Бұл туралы Тәуекел caravan.kz-ке берген сұхбатында айтқан, деп жазады Stan.kz.

Бұдан бөлек, Тәуекел тоқал алуға қатысты пікірін білдірді.

“Тоқал алудың өзіндік шарттары бар. Ислам бойынша, бірнеше әйел алатын болсаң, оларды бір бірінен артық көрмей, бірдей көңіл бөлуің керек делінген. Яғни рухани жағынан да, материалдық жағынан да демеуің қажет. Мұхаммед (с.ғ.с) Пайғамбардың өзі әйелдеріне бірдей қараған.

Егер оған дайын болсаң және асырай алсаң, неге тоқал алмасқа? Біз онсыз да азбыз, бар-жоғы 17 миллион. Демографияны көтеру қажет. Бірақ екінші жағынан, мұны іспен көрсететін ерлер қазір аз.

Тағы бір атап өтетін жайт, кей ата-аналар қыздарын бай жігітке тұрмысқа шығуға, тоқал болуға алдын ала дайындайды екен. Бұл дегеніңіз сұмдық қой.

Мысалыға, бір бойжеткен жас, қалталы бірақ отбасылы азаматтың назарын аудару үшін бәрін жасайды делік. Ақырында ол азамат сұлу қызға ғашық болып, өз отбасын тастап кетеді. Неге? Себебі оның алғашқы әйелі “бәйбіше” атануға келіспейді. Сондықтан да біздің елде бейресми тоқалдар көп. Заң бойынша, дәстүрді сақтап тоқал алатын болса, бір жөн, ал кей жағдайда ер адам сыртта жүріс жасап, оны отбасынан жасырады. Бұл дұрыс емес”, – деп түсіндірді Тәуекел.

“Ал өзіңіз тоқал алар ма едіңіз?” деген сауалға актер:

“Мен алдымен бір рет үйленіп алайыншы. Кейін әйеліммен келіскеніме қарай көреміз. Бірақ жүрегімді жаулап алар сол бір аруды тапсам, басқаны керек етпеспін деп ойлаймын. Дегенмен, өмірде бәрі мүмкін”, – деп жауап берді.

16 тамыз, 12:34
Шымкент: Жарты жылда 1181 ерекше бала оңалтудан өтті
15 тамыз, 12:19
Биғайша Нұрғазинова: Ерекше балалар қоғамға кірігуі тиіс
10 тамыз, 21:15
Түркістан: Абайдың сөзі – рухани құндылықтың алтын қазынасы
09 тамыз, 15:04
Бахадыр Мәдәліұлы: Мүгедектігі бар азаматтарға қолдау көрсету – мәслихат пен партияның ортақ міндеті
06 тамыз, 20:36
Алматыда көше және сәулеттік жарықтандырудың бірыңғай жүйесі жасалады
05 тамыз, 12:34
Бала жанын түсіну – рухани жауапкершілік
31 шiлде, 15:56
Тайланд-Камбоджа: Шиеленіс қалай шешілді?
31 шiлде, 15:21
2,7 млн жайылым жер мемлекетке қайтарылды: жұмыс жалғасады
31 шiлде, 15:00
Айгүл Жамалбекова: Мүмкіндігі шектеулі жандарға ешқандай шектеу жоқ