jasqazaq.kz

Тарих қайталанды: Бұл жолы — Алтын жүлдемен!

19 қазан 2025, 15:10

Шымкент қаласының балуаны Марат Байқамұров «Қазақстан барысы – 2025» турнирінің чемпионы атанды

Астанада қазақ күресінен жыл сайын өткізілетін басты дода «Қазақстан барысы – 2025» республикалық турнирі мәресіне жетті. Биылғы сайысқа 43 балуан қатысып, жарыстың жүлде қоры 27 миллион теңгені құрады.

Астана қаласындағы «Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында» қазақ күресінен өткен дәстүрлі ХV республикалық «Қазақстан барысы» турнирінде шымкенттік балуан Марат Байқамұров топ жарды.

Ақтық сайыста Марат Байқұмаров Абай облысының балуаны Ерасыл Қажыбаевпен белдесуге шықты. Бұған дейін Марат бес қарсыласын айқын басымдықпен ұтып, финалға жол ашқан болатын. «Найман» лақап атымен танымал балуан шешуші сында да қарсыласына дес бермей, айқын басымдықпен жеңіске жетті. Сөйтіп алтын белбеу мен «Қазақстан барысы» атағын жеңіп алды.

Айта кеткен жөн, бұл жеңіс – Шымкент спорты үшін тарихи жетістік. Себебі, «Қазақстан барысы» турнирінде алғаш рет Шымшаһардың атынан шыққан балуан чемпион атанып отыр. Еске түсірсек, өткен жылы Абай облысының балуаны Ерасыл Қажыбаев финалда Шымкент қаласынан белдескен Ерсұлтан Мұзаппаровты ұтып кеткен еді. Ал биыл сәті түсіп, Марат Байқамұров сол кеткен есені қайтарды деуге болады.

Марат Байқамұровтың бұл жеңісі – тек жеке табыс қана емес, шымкенттік спорт мектебінің әлеуетін айқын көрсеткен зор оқиға. Сонымен қатар, бұл – оның «Қазақстан барысы» бәсекесіне үшінші рет қатысуы және ең сәтті көрсеткіші.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан барысы – 2025» турнирінің жеңімпазын құттықтады. Мемлекет басшысының құттықтауында: Марат Байқамұровты қазақ күресінен «Қазақстан барысы – 2025» турниріндегі жарқын жеңісімен құттықтаймын! Ол тамаша өнер көрсетіп, жанкүйерлер көңілінен шықты. Мемлекет қазақ күресінің дамуына алдағы уақытта да қолдау көрсете береді», — деді.

JQ-Aqparat

Сурет: Шымкент қаласы әкімдігі 

17 наурыз, 15:22
Мұнай өңдеу: Әлеует пен әрекет үндескенде
16 наурыз, 14:26
Бауыржан Ізмағамбетов: Ауыз су жүйесімен қамту деңгейі 100 пайызға жетті
15 наурыз, 14:02
Шавкат Рахмонов Қонаев қаласында дауыс берді
15 наурыз, 13:36
Қызылорда: Қазақтың үш ханы дауыс беруге келді
13 наурыз, 17:27
Елімізде теміржол инфрақұрылымы жаңғыртылып жатыр
13 наурыз, 16:07
Тіршілік нәрі - судың нарқы қашанда қымбат
12 наурыз, 15:28
Қызылордада тұрғын үй құрылысы қарқын алып келеді
11 наурыз, 12:19
«Таза Қазақстан» акциясы биыл өз жалғасын таппақ
10 наурыз, 15:21
Сұңғат Есімханов: Елімізде 163 жаңартылатын энергия нысаны жұмыс істейді