Тариф бағасы қатаң бақылауда

31 тамыз 2023, 10:23

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2022 жылғы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына арнаған Жолдауындағы айрықша тапсырмалардың бірі – коммуникация жүйесін жандандыру мен тарифке қатысты бақылау болатын. Елде электрмен жабдықтау желілерінің үштен екісі, жылу коммуникацияларының 57 пайызы және су құбыры желілерінің жартысына жуығы тозғанын атап өткен болатын. Тарифтерді күшпен ұстап тұрудың ақыры соның бәрін кезекпен өшіруге және түрлі апатты жағдайлар туындауына себеп болып, салдары азаматтардың денсаулығы мен өміріне қауіп төндіреді. «Монополиялы нарықтарда «Тарифті инвестицияға айырбастау» деген жаңа тариф саясатына көшу керек. Желілер мен қуат көздерінің тозу деңгейін кемінде 15 пайызға азайту қажет. Тариф инфрақұрылымға салынған инвестициялардың орнына берілетін болады» — деген-ді Президент.

Қазіргі таңда Шымкент қаласы бойынша инженерлік желілердің тозуы орта есеппен 55 пайызды құрайды. Мамандар оның ішінде жылу энергиясын өндіру – 60, жылумен жабдықтау қызметтері бойынша 41,7, сумен жабдықтау бойынша 47, су бұру бойынша 77 пайызға жеткенін алға тартып отыр. Коммуналдық салада жалақының төмен болуына байланысты білікті жұмысшылар, әсіресе, слесарь, электромеханик, инженер сынды кәсіби мамандар тапшы. Бары айлық жалақының аздығын айтып, жұмыстан кетуде.

Мәселен, монополистердің деректері бойынша соңғы жылдары білікті кадрлардың айналымы сумен жабдықтау саласында – 33 пайызды құраса, жылумен жабдықтау саласында – 24, газбен жабдықтау саласында – 20 пайызды құрайды. Десе де Шымкент қаласындағы коммуналдық тарифтердің деңгейі қазіргі таңда тұрақты. Тариф қатаң таразыланып, монополистердің ұсыныстары жан-жақты зерделенеді. Шымкент қаласы табиғи монополияларды реттеу департаментінің басшысы Дархан Қайыңбердиевтің айтуынша департамент әсіресе, газды тасымалдау қызметін реттеп отыр.

Департамент басшысының айтуынша, Шымкент қаласында коммуналдық қызмет тарифтерінің деңгейі тұрақты. 2018 жылдан бастап департамент тарапынан реттелетін жылумен жабдықтау, сумен жабдықтау, су бұру, газбен жабдықтау салаларындағы коммуналдық қызметтерге тарифтер ұлғайған жоқ, керісінше төмендеген.

– Қазіргі таңда газбен жабдықтау тарифі 1 текше метріне 32,64 теңге (5,3 пайыз), жылу бағасы 1 шаршы метрге 119,65 теңге (16 пайыз), су және кәріз 1 текше метрге 135,3 теңгеге (1,24 пайыз) дейін төмендетілді. 2023 жылдың 6 айында тарифті бекітуге – 26, инвестициялық бағдарламаларды бекітуге – 11 өтінім қаралды. Табиғи монополия субъектілерінің 2022 жылғы тарифтік смета мен инвест бағдарламалардың орындалу есептеріне талдау жүргізілуде. Жалпы тұтынушылардың арызы негізінде департаментпен жоспардан тыс 9 тексеру жүргізілсе, оның ішінде 8 тексеру бойынша құқық бұзушылықтар анықталды, – деді Дархан Әбілқасымұлы.

Мерей Әлімбек

Бүгін, 14:33
Түркістан: Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың жолын кесу және пробация
Бүгін, 14:01
Түркістан: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыруға арналған шаралар
05 тамыз, 14:39
Түркістан: Қауіпсіздікті сақтау маңызды
01 тамыз, 16:07
Түркістан: «Қауіпсіз қоғам» жобасы - қоғам айнасы
01 тамыз, 11:27
Түркістан: Жазғы демалыстағы қауіпсіздік шаралары
29 шiлде, 15:38
Түркістан: Үздік полицейлер марапатталды
29 шiлде, 14:58
Әйгерім Исаева: Арнайы жасаққа жүрек жұтқан жауынгерлер қабылданады
29 шiлде, 13:40
Түркістан: Жарты жылдың ішінде қылмыс азайды
26 шiлде, 11:34
Мұхит Тұрғараев: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыру бағытында үздіксіз жұмыс жүргіземіз