Тараздық тұрғын қарасора дайындаған

28 шiлде 2023, 15:29

Жамбыл облысының Шу ауданында Тараз қаласының 31 жастағы тұрғыны жабайы қарасора дайындау кезінде ұсталды. Бұл туралы Polisia.kz мәлім етті. “Қарасора – 2023″ және “Дәрмек” жедел алдын алу іс-шаралары барысындағы жедел-іздестіру жұмыстарын Жамбыл облысы полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері ҚР ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаментімен және “Бүркіт” арнайы мақсаттағы бөлініс қызметкерлерімен бірлесіп жүргізді. Алға ауылының “Қақпақты” учаскесіндегі құмды аймақта ұсталған азамат жабайы қарасораны жинап, 4 қапқа салған. Сондай-ақ орылған қарасора қалдықтары бар орақ табылды. Сараптама нәтижелері көрсеткендей, тәркіленген зат жалпы салмағы 189 келі 940 грамм болатын каннабис есірткі заты деп танылды. – Ұсталған азамат кінәсін мойындап, Шу ауданының уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Осы дерекке қатысты ҚР ҚК-нің 296-бабы 4-бөлігі (Есірткі құралдарын аса ірі мөлшерде өткізу мақсатынсыз заңсыз дайындау, қайта өңдеу, сатып алу, сақтау, тасымалдау) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары басталды. Бұл бап мүлкі тәркіленіп, он жылдан он бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны көздейді, – деп хабарлады ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Әлім Бажықбаев.

JQ-Aqparat

08 тамыз, 10:38
Мақсат Мақтабек: Заң – азаматтардың қорғаны
08 тамыз, 10:29
Түркістан: Қоғамдағы қауіпсіздік – тәртіп сақшысының күнделікті жұмысы
07 тамыз, 14:33
Түркістан: Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың жолын кесу және пробация
07 тамыз, 14:01
Түркістан: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыруға арналған шаралар
05 тамыз, 14:39
Түркістан: Қауіпсіздікті сақтау маңызды
01 тамыз, 16:07
Түркістан: «Қауіпсіз қоғам» жобасы - қоғам айнасы
01 тамыз, 11:27
Түркістан: Жазғы демалыстағы қауіпсіздік шаралары
29 шiлде, 15:38
Түркістан: Үздік полицейлер марапатталды
29 шiлде, 14:58
Әйгерім Исаева: Арнайы жасаққа жүрек жұтқан жауынгерлер қабылданады