jasqazaq.kz

Таразда автобус жүргізушісі мас күйінде жолаушы тасымалдаған (ВИДЕО)

26 қыркүйек 2025, 11:14

Тараз қаласында №17 бағыттағы автобустың жүргізушісі жолаушыларды мас күйінде жүргізгені үшін ұсталды. Бұл туралы Жамбыл облыстық Полиция департаменті хабарлады.

Оқиға «Қауіпсіз жол» жедел-алдын алу іс-шарасы барысында анықталды. Полицейлер күдік тудырған автобусты тоқтатып, тексеріс жүргізген.

Медициналық сараптама нәтижесінде 55 жастағы жүргізушінің мас күйінде болғаны расталды. Оның үстінен ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Сот шешімімен ол 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынып, 7 жыл мерзімге жүргізуші куәлігінен айырылды.

«Мас күйінде көлік жүргізу жолдағы қауіпсіздікке нақты қатер төндіреді және заң бойынша қатаң жауапкершілікке әкеледі», – деп атап өтті полицияда.

Бүгін, 11:24
Қорғаныс қабілеті мықты мемлекет ертеңге сеніммен қарайды
19 наурыз, 12:31
Әскери ынтымақтастық: Қуатты қорғаныс саясатының берік кепілі
18 наурыз, 13:39
«Таза Қазақстан» әркімнің өзінен басталады
18 наурыз, 12:56
Мирас Тоқтарханов: Абай облысында ауыл шаруашылығының барлық бағытына қолдау бар
17 наурыз, 15:22
Мұнай өңдеу: Әлеует пен әрекет үндескенде
17 наурыз, 12:25
Рәтбек Демеуберген: Біздің басты міндетіміз - кез келген жағдайға жедел әрекет ету
16 наурыз, 14:26
Бауыржан Ізмағамбетов: Ауыз су жүйесімен қамту деңгейі 100 пайызға жетті
15 наурыз, 14:02
Шавкат Рахмонов Қонаев қаласында дауыс берді
15 наурыз, 13:36
Қызылорда: Қазақтың үш ханы дауыс беруге келді