jasqazaq.kz

Таразда 9-сыныпта оқитын қыз өз бөлмесінде асылып қалды (Видео)

26 қыркүйек 2025, 11:41

Таразда мектеп оқушысы өзіне қол жұмсады. 9-сыныпта оқитын қыз өзінің бөлмесінде асылып қалған. Оның өлі денесін анасы бірінші байқапты. Бұл туралы КТК телеарнасы хабарлады.

15 жастағы оқушы қаладағы №26 мектеп-гимназияда оқыған. Марқұмның тәртібіне ешқандай шағым болған жоқ дейді ұстаздары. Тіпті сабақ үлгерімі мен өзге балалармен қарым-қатынасы да жақсы болған. Сондықтан оқушының өмірден баз кешуіне не жағдай әсер еткені жұмбақ. Қайғылы оқиғаның анық-қанығын тергеушілер анықтап жатыр. Білім басқармасы жанынан психологиялық қолдау тобы құрылып, қара жамылған отбасыға жан-жақты көмек көрсетуде. Айта кетейік, Жамбыл облысында соңғы екі айда жеті жеткіншек өз-өзіне қол жұмсап бақилық болып отыр.

Жамбыл облысы білім басқармасының баспасөз қызметі:

— 23 қыркүйек күні Абай атындағы мамандандырылған дарынды балаларға арналған қазақ тілі мен әдебиетін терең оқытатын мектеп-гимназияның 9-сынып оқушысы үйінде өзіне қол жұмсағаны анықталды. Облыстық психологиялық қолдау орталығынан жұмысшы тобы құрылды.

Бүгін, 13:39
«Таза Қазақстан» әркімнің өзінен басталады
Бүгін, 12:56
Мирас Тоқтарханов: Абай облысында ауыл шаруашылығының барлық бағытына қолдау бар
17 наурыз, 15:22
Мұнай өңдеу: Әлеует пен әрекет үндескенде
17 наурыз, 12:25
Рәтбек Демеуберген: Біздің басты міндетіміз - кез келген жағдайға жедел әрекет ету
16 наурыз, 14:26
Бауыржан Ізмағамбетов: Ауыз су жүйесімен қамту деңгейі 100 пайызға жетті
15 наурыз, 14:02
Шавкат Рахмонов Қонаев қаласында дауыс берді
15 наурыз, 13:36
Қызылорда: Қазақтың үш ханы дауыс беруге келді
13 наурыз, 17:27
Елімізде теміржол инфрақұрылымы жаңғыртылып жатыр
13 наурыз, 16:07
Тіршілік нәрі - судың нарқы қашанда қымбат