jasqazaq.kz

Мұқасан Шахзадаевқа қатысты қылмыстық іс қозғалды

26 қараша 2025, 11:11

«Нұр-Мұқасан» тобының бұрынғы әншісі Мұқасан Шахзадаевқа қатысты қылмыстық іс қозғалды. Бұған оның топтың қазіргі мүшесі Ғалымжан Сүлейменді аяусыз ұрып-соғуы себеп, деп хабарлайды jasqazaq.kz КТК-ға сілтеме жасап.

Жас әнші осыдан екі күн бұрын Шахзадаевтың жұдырық ала жүгіргені туралы полицияға арызданған. Айтуынша, эстрада жұлдызы бұл әрекетін бірнеше адаммен қосылып жасаған. Соққыға жығылған жігіт түрлі жарақат алып, мұрны мен қолы сыныпты. Енді мұрнына күрделі ота жасалмақ. Қазір полицейлер оқиғаның мән-жайын анықтау үшін тергеуді бастады.

Салтанат Әзірбек, Алматы қаласы ПД ресми өкілі: — Наурызбай ауданының полиция басқармасына жергілікті тұрғын шағымданған. Оның айтуынша, М есімді азамат және екі танысы оның денесіне жарақат салған. Болған оқиғаның обьективті мән-жайын анықтау үшін қылмыстық іс жүргізу кодексімен көзделген барлық тергеу обьективті, жан-жақтылық қағидаттарын сақтаумен жүзеге асырылуда. Қылмыстық іс аясында тиісті процессуалды шешім қабылданады.

Сурет: Ашык дереккөзден
16 наурыз, 14:26
Бауыржан Ізмағамбетов: Ауыз су жүйесімен қамту деңгейі 100 пайызға жетті
15 наурыз, 14:02
Шавкат Рахмонов Қонаев қаласында дауыс берді
15 наурыз, 13:36
Қызылорда: Қазақтың үш ханы дауыс беруге келді
13 наурыз, 17:27
Елімізде теміржол инфрақұрылымы жаңғыртылып жатыр
13 наурыз, 16:07
Тіршілік нәрі - судың нарқы қашанда қымбат
12 наурыз, 15:28
Қызылордада тұрғын үй құрылысы қарқын алып келеді
11 наурыз, 12:19
«Таза Қазақстан» акциясы биыл өз жалғасын таппақ
10 наурыз, 15:21
Сұңғат Есімханов: Елімізде 163 жаңартылатын энергия нысаны жұмыс істейді
05 наурыз, 16:08
Батыс Қазақстанда су тасқынына қарсы дайындық шаралары күшейтілді