jasqazaq.kz

Талғат Жанысбай: Патриоттық тәрбиені балалар арасында кеңірек насихаттау керек

19 қыркүйек 2024, 14:05

Біз өскелең ұрпақты қалай тәрбиелеп жатырмыз? Олардың бойына патриоттық сезімді, сенім мен жауапкершілік сияқты құнды қасиеттерді қалай дарытамыз? Jasqazaq.kz тілшісі бұл сұрақтарды Алматыдағы №122 мектептің директоры, «Құндылық пен тәрбие» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Талғат Жанысбайға қойды.

— Талғат мырза, жас ұрпақтың бойына патриоттық сезім, сенім мен жауапкершілік ұялату үшін не істеуіміз керек?

— Қазір жастардың дені әлеуметтік желіде отырады. Классик жазушы М.Әуезов «Ел боламын десең, бесігіңді түзе» деп бекер айтқан жоқ. Ол заманда тәлім-тәрбие мен үлгі-өнеге бесік кезінен айтылатын. Қазір балаларды тәрбилеп жатқан әлеуметтік желі. Әлеуметтік желіде ешқандай ел үшін, ұлт үшін, жер үшін үлес қоспаған, «атың шықпаса жер өрте» дейтін блогер немесе тиктокер атанып кеткендер өздерінің теріс пиғылдарын, жеңіл әңгімелерін сіңіруге тырысады. Сондықтан өсіп келе жатқан ұрпақтың тәрбиесіне мән беретін мемлекеттік тұрғыда заң қабылдануы керек деп ойлаймын. Жастар мен жасөспірімдерге арналған төл фильмдеріміз аз. Мектепте аптасына бір рет тәрбие сағаты өткізіледі. Үйде ата-ана кешке дейін жұмыста, бала тәрбиесіне уақыты аз. Сондықтан мемлекеттік тұрғыда бағдарлама қабылданып, жастарды патриоттыққа шақыратын кинолар түсірілуі керек деп ойлаймын.
Мемлекет басшысы биыл Атырауда өткен Ұлттық құрылтайда тәрбие туралы сөз қозғады. Оның ішінде адамгершілік, ұлттық тәрбие туралы да айтылды. Оқу-ағарту министрлігі биыл біртұтас тәрбиеге қатысты 6 бағытты жасап шығарды. Ол бойынша бағдарламаны жыл бойы қандай тақырыпта тәрбие сағаттары өтетіні белгіленіп, тәрбие беру ісі қолға алынып жатыр. Қоғамның алдында жүрген білікті де беделді, зиялы қауым өкілдерін шақырып, жастарға қатысты тәлім-тәрбиені насихаттау керек. Мұғалімдермен де осындай семинар, кездесулер ұйымдастырған жөн. Патриоттық сезім, сенім мен жауапкершілік төңірегінде ой бөлісетін адамдармен кездесу жиі ұйымдастырылса құба-құп.

— Өзіңіз жетекшілік ететін «Құндылық пен тәрбие» қоғамдық бірлестігі қай бағытта жұмыс істеп жатыр?

— «Құндылық пен тәрбие» қоғамдық бірлестігінің жұмысы әзірге уақыттың тығыздығына байланысты тоқтап тұр. Алдағы уақытта бірлестік жұмысын барлық өңірде жүргізу жоспарда бар. Ұйымның жетекшісі ретінде Алматыдағы мектептер мен колледждердің шақыртуымен ұлттық құндылықтар мен патриоттық сезімді арттыру тақырыбына дәріс оқып тұрамын.

— Әңгімеңізге рахмет!

Сұхбаттасқан Мақпал Ноғайбай

20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда
19 тамыз, 12:15
InEco Fest 2025: Алматыда экология, инклюзия және қала мәдениетін біріктірген фестиваль өтті
19 тамыз, 11:59
Музыка – жасөспірім жанының айнасы
18 тамыз, 14:54
Заманауи аппараттардан – жақсы нәтиже
16 тамыз, 12:34
Шымкент: Жарты жылда 1181 ерекше бала оңалтудан өтті
15 тамыз, 12:19
Биғайша Нұрғазинова: Ерекше балалар қоғамға кірігуі тиіс
10 тамыз, 21:15
Түркістан: Абайдың сөзі – рухани құндылықтың алтын қазынасы
09 тамыз, 15:04
Бахадыр Мәдәліұлы: Мүгедектігі бар азаматтарға қолдау көрсету – мәслихат пен партияның ортақ міндеті