jasqazaq.kz

Талғарда колледж студенттері пышақтасты

28 қараша 2017, 16:36

Талғарда колледж студенттері төбелесіп, пышақтасуға дейін барған, — деп хабарлайды Tengrinews.kz. 27 қарашада пышақ жарақатын алған жергілікті заң колледжінің 17 жастағы студенті Талғар ауруханасына түсті.

Өзімен жасты адамдармен төбелескен жігіт пышақ жарақатын алғаны белгілі болды. Жедел тергеу шаралары барысында полиция қызметкерлері күдіктінің кім екенін анықтады, ол талғарлық Агробизнес және менеджмент колледжінің кәмелет жасына толмаған студенті екен. «Күдікті бірнеше сағат өткеннен соң ұсталды және Талғар АІІБ-ге жеткізілді. Сотқа дейінгі тергеу шаралары ҚР Қылмыстық кодексінің 106-бабы («Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтiру») бойынша жүргізіліп жатыр. Қылмыстық істі аудандық полицияның тергеушілеріне жүктелген. Күдікті ешқайда кетпеу туралы қолхатпен үйіне жіберілді», — деді ІІД баспасөз қызметінің өкілдері. Ұсталған студенттен пышақ тәркіленді. Қылмыс қаруы дәйек ретінде іс материалдарына қосылды.

10 тамыз, 21:15
Түркістан: Абайдың сөзі – рухани құндылықтың алтын қазынасы
09 тамыз, 15:04
Бахадыр Мәдәліұлы: Мүгедектігі бар азаматтарға қолдау көрсету – мәслихат пен партияның ортақ міндеті
06 тамыз, 20:36
Алматыда көше және сәулеттік жарықтандырудың бірыңғай жүйесі жасалады
05 тамыз, 12:34
Бала жанын түсіну – рухани жауапкершілік
31 шiлде, 15:56
Тайланд-Камбоджа: Шиеленіс қалай шешілді?
31 шiлде, 15:21
2,7 млн жайылым жер мемлекетке қайтарылды: жұмыс жалғасады
31 шiлде, 15:00
Айгүл Жамалбекова: Мүмкіндігі шектеулі жандарға ешқандай шектеу жоқ
31 шiлде, 14:48
Қолжетімді баспана – мемлекеттік тұрғын үй саясатының басым бағыты
31 шiлде, 12:19
Жетісайда мүмкіндігі шектеулі жандардың өтініші басты назарда