jasqazaq.kz

Талғар ауданының тұрғындары баланы көлік қаққан соң тасжолды жауып тастады

20 қыркүйек 2022, 10:57

Алматы облысы Талғар ауданында тұрғындар жолды жауып тастады. Бұған 10 жастағы баланы көлік қағып кетуі себеп болған, — деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Алматы облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, оқиға 19 қыркүйекте 18:45 шамасында болған.

«Тoyota Camry автокөлігінің 24 жастағы жүргізушісі Жаңалық ауылында Жетіген-Алматы автожолының бойында жаяу жүргіншілер өткелінде 10 жастағы баланы қағып кеткен. Алған жарақаттарының салдарынан бала оқиға орнында мерт болды», – делінген хабарламада.

Қазір полиция аталған дерек бойынша тергеу жүргізіп жатыр.

Жаңалық ауылының тұрғындары кісі өліміне алып келген жол апатының бұған дейін де болғанын айтады. 17 тамызда Тереңқара ауылында көлік 3 баланың анасын қағып кеткен. Бұл кезде де тұрғындар жолды жауып, қауіпсіздікті күшейтуді сұраған.

Ал ауыл әкімі тас жол республикалық маңызға ие болғандықтан, аудан өз бетінше жарықтандыру жүйесін және жол белгілерін орната алмайтынын мәлімдеген.

16 тамыз, 12:34
Шымкент: Жарты жылда 1181 ерекше бала оңалтудан өтті
15 тамыз, 12:19
Биғайша Нұрғазинова: Ерекше балалар қоғамға кірігуі тиіс
10 тамыз, 21:15
Түркістан: Абайдың сөзі – рухани құндылықтың алтын қазынасы
09 тамыз, 15:04
Бахадыр Мәдәліұлы: Мүгедектігі бар азаматтарға қолдау көрсету – мәслихат пен партияның ортақ міндеті
06 тамыз, 20:36
Алматыда көше және сәулеттік жарықтандырудың бірыңғай жүйесі жасалады
05 тамыз, 12:34
Бала жанын түсіну – рухани жауапкершілік
31 шiлде, 15:56
Тайланд-Камбоджа: Шиеленіс қалай шешілді?
31 шiлде, 15:21
2,7 млн жайылым жер мемлекетке қайтарылды: жұмыс жалғасады
31 шiлде, 15:00
Айгүл Жамалбекова: Мүмкіндігі шектеулі жандарға ешқандай шектеу жоқ