jasqazaq.kz

Талдықорғанда автобус жүргізушісі 4 айдан бері жалақы алмаған

27 сәуiр 2021, 17:21

Талдықорғанда 4 айдан бері жалақысын алмаған автобус жүргізушілері жұмысқа шықпай қойды. Салдарынан қалада бірнеше бағыт бойынша қоғамдық көлік жүрмей, тұрғындар жаяу қалды.

«Күнде ертең, күнде ертеңмен жігіттердің бәрі шаршады. Көбі пәтер жалдап тұрады. Кредит бар. Ипотека деген әңгіме. Бұлар күнде ертеңмен елдің бәрін шаршатып бітірді. Бүгін шықпаған себебіміз сол. Сонымен ақша бергенше шықпаймыз, тұрамыз», — деді автобус жүргізушісі Нұрдәулет Түндебаев.

Автопарк басшылығы жолаушылар тасымалы шығыны көп сала дегенді алға тартып, жалақының кешеуілдеуіне пандемия себеп болғанын айтады. Қала бюджетіне алақан жайған кәсіпорын карантинде оқушы тасымалдауға бөлінетін субсидиядан қағылған көрінеді.

«Жолаушылар тасымалының шығыны көп. Шығын көп болғаннан кейін әкімдікке төлемімізді береміз. Сол төлемге қарап субсидия жасайды. Субсидия жасағаннан кейін айлық бере аламыз, салық төлей аламыз, құрал-сайман ала аламыз. Бәрін жасай аламыз», -деді серіктестік директоры Болат Тілеубаев. Атқарушы билік бұл серіктестік алдында берешегіміз жоқ дейді.

Тіпті көпбалалы аналар тасымалына бөлінетін қаржының екі тоқсандық көлемін төлеп қойған. Ал жүргізушілерге жалақы берілмеуінің нақты себептерін құзырлы органдар тексеріп, анықтайтын болады.

ҚазАқпарат

09 тамыз, 15:04
Бахадыр Мәдәліұлы: Мүгедектігі бар азаматтарға қолдау көрсету – мәслихат пен партияның ортақ міндеті
06 тамыз, 20:36
Алматыда көше және сәулеттік жарықтандырудың бірыңғай жүйесі жасалады
05 тамыз, 12:34
Бала жанын түсіну – рухани жауапкершілік
31 шiлде, 15:56
Тайланд-Камбоджа: Шиеленіс қалай шешілді?
31 шiлде, 15:21
2,7 млн жайылым жер мемлекетке қайтарылды: жұмыс жалғасады
31 шiлде, 15:00
Айгүл Жамалбекова: Мүмкіндігі шектеулі жандарға ешқандай шектеу жоқ
31 шiлде, 14:48
Қолжетімді баспана – мемлекеттік тұрғын үй саясатының басым бағыты
31 шiлде, 12:19
Жетісайда мүмкіндігі шектеулі жандардың өтініші басты назарда
31 шiлде, 11:55
Қазақстан жаһандық процестерге белсене араласады