jasqazaq.kz

Талдықорғанда Бақытбек Есентаевқа қатысты сот отырысы басталды

18 қазан 2016, 15:05

388328

Талдықорғанда Бақытбек Есентаевқа қатысты сот отырысы басталды. Алматы облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының ғимаратында іс жабық режимде өтіп жатыр. Өзінің көлігінде жұбайын зорлап, бірнеше жерден пышақтаған Бақытбек Есентаев бірнеше қылмыстық бап бойынша айыпталуда.

Б. Есентаев ҚР ҚК-нің 24-бап 3-бөлімі, 99-баптың 2-бөлімі 10-тармағы (зорлаумен немесе сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттерiмен ұштасқан адам өлтiруге оқталу) 120-баптың 1-бөлімі (зорлау) 121-баптың 1-бөлімі (сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері) бойынша айып тағылғаны белгілі болды.

Естеріңізге сала кетейік, Баян Мақсатқызы маусымның оны күні бірнеше жерден пышақталып, ауыр жарақатпен Талғар ауданындағы ауруханаға түскен болатын. Белгілі продюсер, екі баланың анасы Баян Мақсатқызын өзінің күйеуі өлтірмек болды деген күдікпен Бақытбек Есентаев ұсталып, қамауға алынды. Сондай-ақ қазіргі таңда Баян бұрынғы тегіне қайта оралған сыңайлы. Ол әлеуметтік желідегі парақшаларына Баян Мақсатқызы деген өзгеріс енгізген

caravan.kz

17 наурыз, 15:22
Мұнай өңдеу: Әлеует пен әрекет үндескенде
16 наурыз, 14:26
Бауыржан Ізмағамбетов: Ауыз су жүйесімен қамту деңгейі 100 пайызға жетті
15 наурыз, 14:02
Шавкат Рахмонов Қонаев қаласында дауыс берді
15 наурыз, 13:36
Қызылорда: Қазақтың үш ханы дауыс беруге келді
13 наурыз, 17:27
Елімізде теміржол инфрақұрылымы жаңғыртылып жатыр
13 наурыз, 16:07
Тіршілік нәрі - судың нарқы қашанда қымбат
12 наурыз, 15:28
Қызылордада тұрғын үй құрылысы қарқын алып келеді
11 наурыз, 12:19
«Таза Қазақстан» акциясы биыл өз жалғасын таппақ
10 наурыз, 15:21
Сұңғат Есімханов: Елімізде 163 жаңартылатын энергия нысаны жұмыс істейді