Тағылымы мол тарихи дәріс

06 қараша 2023, 9:36


ЛН.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық универтиетінің әскери кафедрасында Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері үшін 17 мамандық бойынша запастағы офицерлер мен сержанттарды дайындайды. Мұнда генерал-майор Еділ Оразов бастаған тәжірибесі мол, біліктілігі жоғары профессорлық-оқытушылар құрамы студенттерге сапалы әскери білім беру үшін жан-жақты жағдай жасауда.
Соның ішінде әскери журналистика мамандығы бойынша арнайы тілшілерді оқыту былтырдан бері ғана қолға алынды. Біздің взводқа алғашқы болу бақыты бұйырыпты. Ал, жаңа 2023-2024 оқу жылында әскери журналист мамандығын тағы да отыз студент таңдап алған көрінеді.


Біз қазір жалпы әскери дайындық негіздерімен жете танысып, саптық, жауынгерлік, тактикалық, техникалық және басқа да дайындықтардан өтіп жатырмыз.
Сонымен қатар, былтырдан бері «Егемен Қазақстан», «Казахстанская правда», «Астана ақшамы», «Вечерняя Астана» газеттерінде болып, есімдері елге белгілі журналистердің шеберлік сабақтарын тыңдадық. Бұдан бөлек, ҚР Қарулы Күштері мен басқа да әскери құралымдарға қарасты «Сарбаз», «Отан сақшысы», «Қалқан» басылымдарына барып, сондағы аға буын журналистердің қиындығы мол әскери қызметті суреттеп, жазу ерекшеліктерімен таныстық.
Тағы бір маңызды мәселе – біз әскери журналистикаға тікелей қатысы бар әскери өнердің пайда болу және даму тарихын да егжей-тегжейлі білуге тиіспіз. Осы мақсатта жақында ҚР ҚК Мемлекеттік әскери-тарихи музейінде болып, сонда практикалық сабақтарды өткіздік.

Көне дәуірден қазіргі уақытқа дейінгі Қазақстанның әскери тарихын бейнелейтін бес қабаттан тұратын мұражай бізді бірден баурап алды. Мұнда 20 мыңнан астам құнды жәдігерлер сақтаулы тұр. Осы киелі шаңырақтың астында ежелгі дәуірдегі әскери өнердің пайда болуы және дамуы, түркі мемлекетінің тууы, кең байтақ кеңістікті жайлаған түркі қағанаттарының әскери құрылымы, көрші елдермен соғыстарының сипаты сияқты тақырыптарды қарастырдық.
Сонымен қатар, Қыпшақ, Қазақ хандықтарының тарихымен тереңірек танысып, жалпы көшпенділердің жауынгерлік дәстүрлері қандай, олардың әскери әдіс-тәсілдері мен тактикасы неге негізделген деген маңызды сұрақтарға жауап алдық.
Әсіресе жоңғар шапқыншылығы кезіндегі Аңырақай және Орбұлақ шайқастарының кең ауқымды диорамалары қатты әсер етті, олардың жаңа технологияларды пайдалана отырып шынайы жасалғаны сонша біз сол тарихи оқиғаның қайнаған ортасында жүргендей болдық.
Бір сөзбен айтқанда, «мың рет естігеннен бір рет көрген артық» демекші осындай практикалық сабақтардың тағылымы мол екені даусыз.

Дидар Серіков,
Еуразия ұлттық универтиеті
Әскери кафедрасының студенті

01 тамыз, 16:07
Түркістан: «Қауіпсіз қоғам» жобасы - қоғам айнасы
01 тамыз, 11:27
Түркістан: Жазғы демалыстағы қауіпсіздік шаралары
29 шiлде, 15:38
Түркістан: Үздік полицейлер марапатталды
29 шiлде, 14:58
Әйгерім Исаева: Арнайы жасаққа жүрек жұтқан жауынгерлер қабылданады
29 шiлде, 13:40
Түркістан: Жарты жылдың ішінде қылмыс азайды
26 шiлде, 11:34
Мұхит Тұрғараев: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыру бағытында үздіксіз жұмыс жүргіземіз
26 шiлде, 11:33
Мұхит Тұрғараев: Жарты жылда мыңнан астам қызмет көрсетілді
25 шiлде, 13:52
Діндер съезі толеранттылық пен тұрақтылыққа қызмет етеді
24 шiлде, 15:23
Түркістан: Басты мақсат-қылмыстың алдын алу