jasqazaq.kz

Тағы да Жамбыл облысы: мектеп дәретханасында 15 жастағы баланы өз қатарластары ұрып өлтірген (Видео)

16 қыркүйек 2025, 11:44

Сурет: Depositphotos.com

Жамбыл облысында екі оқушы қатарластарының қолынан қаза тапты. Жантүршігерлік жағдайдың бірі Шу ауданындағы Көкқайнар ауылында, екінші қайғылы оқиға Тараздағы мектепте болды, деп хабарлайды jasqazaq.kz КТК-ға сілтеме жасап.

Мәліметтерге қарағанда, мектеп дәретханасында 15 жастағы баланы өз қатарластары ұрып өлтірген. Ал шалғайдағы Көкқайнар ауылында 11-сыныптың бірнеше оқушысы 15 жастағы баланы футбол матчынан кейін жабылып ұрыпты.

Тараздағы 9-шы мөлтекауданда орналасқан орта мектептің ұжымы болған жағдай туралы тіс жармауға бекінгендей. Алайда мектеп маңында жүрген бала құқығы жөніндегі Жамбыл облысындағы уәкіл қайғылы оқиғаны растап отыр. Оның айтуынша, мектеп директорын болған жағдайды анықтау үшін полиция бөлімшесіне алып кеткен.

Байжан Байгелді, Жамбыл облысы ПД бастығының орынбасары: — Аталған дерек бойынша ҚР ҚК 106-бабының 2-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу жүргізілген. Қазір істі толық, обьективті, жан-жақты тергеуді қамтамасыз ету бойынша барлық жедел Іс-шаралары жүргізіліп жатыр.

Биыл оқу жылы басталғанына екі апта өтпей, өңірде үшінші оқушы өлімі тіркеліп отыр. 1 қыркүйекте мектептен шыққан 14 жастағы оқушы пышақ жарақатынан қаза тапқан. Жасөспімді бір мектепте оқыған колледж студенті көпшіліктің көзінше пышақтап кеткен.

18 наурыз, 13:39
«Таза Қазақстан» әркімнің өзінен басталады
18 наурыз, 12:56
Мирас Тоқтарханов: Абай облысында ауыл шаруашылығының барлық бағытына қолдау бар
17 наурыз, 15:22
Мұнай өңдеу: Әлеует пен әрекет үндескенде
17 наурыз, 12:25
Рәтбек Демеуберген: Біздің басты міндетіміз - кез келген жағдайға жедел әрекет ету
16 наурыз, 14:26
Бауыржан Ізмағамбетов: Ауыз су жүйесімен қамту деңгейі 100 пайызға жетті
15 наурыз, 14:02
Шавкат Рахмонов Қонаев қаласында дауыс берді
15 наурыз, 13:36
Қызылорда: Қазақтың үш ханы дауыс беруге келді
13 наурыз, 17:27
Елімізде теміржол инфрақұрылымы жаңғыртылып жатыр
13 наурыз, 16:07
Тіршілік нәрі - судың нарқы қашанда қымбат