jasqazaq.kz

Тағы бір майдангердің тағдыры анықталды

23 қыркүйек 2025, 16:35

«Atamnyn Amanaty» қоғамдық бірлестігі Екінші дүниежүзілік соғыста хабар-ошарсыз кеткен боздақтарды іздеумен айналысады. Ұйымның ресми сайтына күн сайын ондаған өтініштер келіп түсіп жатады. Осы уақытқа дейін, яғни алты жылдың ішінде майдангер ұрпақтарынан 12 мыңға жуық өтініш келіп түсті. Барлығы 4500-нан астамқазақстандық жауынгердің жерленген орындары мен аты-жөндері анықталып, 21 отандасымыздың сүйегі туған жеріне әкелініп, әскери құрметпен жерленді.
Біздің қоғамдық бірлестік өз қызметін шетелдік әріптестермен тығыз-қарым-қатынас жасау арқылы жүзеге асырады. Жақында ресейлік «Псковский рубеж» тарихи-патриоттық іздестіру ұйымы бізге Псков облысы Невель ауданындағы қазба жұмыстары барысында қазақ жауынгерінің сүйегі табылғанын хабарлады. Марқұмның жеке заттарының арасында «Ерлігі үшін» медалі де табылған екен. Нагараданың нөмірі бойынша іздестіргенде ол 1921 жылы туылған қатардағы жауынгер Мұсахан Қалмырзаевқа тиесілі болып шықты. Мұсахан Қалмырзаев майданға Оңтүстік Қазақстан облысы, Шаян ауданы, Ақбастау колхозынан шақырылып, 1943 жылдың желтоқан айында Невель түбінде қаза тауыпты.
Осы хабарды ала сала біз іздестіру жұмыстарын бастап кеттік. Оған біздің еріктілерден бөлек журналистер, блогерлер, жергілікті әскери басқару органдары мен әкімдіктің қызметкерлері де белсене қатысты. Көптің алмайтын асуы жоқ, ақыры майдангердің жақын туыстары табылды!
«Мұсаханның бауырлары Захи мен Әбидің балалары бар. Майдангердің жиені, Әбидің баласы Бекмұратов Жаңабек қазіргі таңда Түркістан облысы Бәйдібек ауданының Шаян ауылында тұрады» деген қуанышты хабар жетті.
Біз бірден Ресейдегі әріптестерімізбен байланысқа шығып, қазір Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің қолдауымен майдангердің сүйегін елге жеткізудің қамын жасап жатырмыз.
Бұдан сәл бұрын, биылғы мамыр айында Сыр бойының тумасы, зңбірек көздеушісі болған Байбол Рахметовтың сүйегі де осы Псков түбінен табылған еді.Топырақ астынан өзімен бірге көзі тірісінде қаһармандығы үшін алған «Қызыл жұлдыз» ордені мен «Ерлігі үшін» медалі бірге шықты. Б.Рахмтовтің туыстары да табылды. Олар енді батырдың елге жеткізілуін тағатсыздана тосып жүр. Бұйырса бір-екі айдың көлемінде құжаттарды рәсімдеу біткен соң әскери көлік ұшағымен екі майдангерді де елге әкеліп, әскери құрметпен жерлейміз бе деп отырмыз.
Ә.Смайылов

Бүгін, 13:39
«Таза Қазақстан» әркімнің өзінен басталады
Бүгін, 12:56
Мирас Тоқтарханов: Абай облысында ауыл шаруашылығының барлық бағытына қолдау бар
17 наурыз, 15:22
Мұнай өңдеу: Әлеует пен әрекет үндескенде
17 наурыз, 12:25
Рәтбек Демеуберген: Біздің басты міндетіміз - кез келген жағдайға жедел әрекет ету
16 наурыз, 14:26
Бауыржан Ізмағамбетов: Ауыз су жүйесімен қамту деңгейі 100 пайызға жетті
15 наурыз, 14:02
Шавкат Рахмонов Қонаев қаласында дауыс берді
15 наурыз, 13:36
Қызылорда: Қазақтың үш ханы дауыс беруге келді
13 наурыз, 17:27
Елімізде теміржол инфрақұрылымы жаңғыртылып жатыр
13 наурыз, 16:07
Тіршілік нәрі - судың нарқы қашанда қымбат