jasqazaq.kz

Табылды Досымов атындағы байқау аяқталды

07 қыркүйек 2025, 10:30

Осы күндері еліміздің түкпір-түкпірінде қазақтың тұңғыш бард ақыны Табылды Досымовтың 60 жылдығы аясында түрлі іс-шаралар өтіп жатыр. Соның бәрі және бірегейі Ақтөбе төрінде өткен «Сәйгүлік» атты ІІІ республикалық байқау. Шараға еліміздің әр қиырынан 18 өнерпаз қатысып, ақынның жыр-ғұмырын, сазды әлемін дәріптеді.
Кештің шымылдығы Т. Ахтанов атындағы драма театры әртістерінің арнайы әзірлеген прологпен ашылды. Ал «Batys ethno» тобы орындаған «Сәйгүлік» әні көпшіліктің көңілін баурап, шараның рухын асқақтатты.


Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаров құттықтау сөз сөйледі. Табылды Досымов атындағы «Сәйгүлік» республикалық байқауын әлі де насихаттап, қатысушылар қатарын арттыруды, фестиваль аясын кеңейту керектігін айтып өтті.
Байқауға әр өңірден қатысушылар бір күн бойы ақынның әндерін орындап, жырларын мәнерлеп жеткізді. Биыл өнерпаздар бұрын-соңды айтылмаған Табылды Досымовтың туындыларына баса көңіл бөлген.
Қазылар алқасы үздік өнерпаздарды марапаттап, арнайы жүлделер табыстады. Бас жүлдеге — Ғибадат Тұрғалиев, бірінші орынға — Орынбасар Жұмаханов, екінші орынға — Ізбасар Самиғоллаев пен Еркебұлан Әжімұратов, үшінші орынға — Сиғватолла Ешкаев пен Әлімжан Макенов лайық деп танылды. «Т.Досымов атындағы республикалық қоғамдық қордың» жүлдесі, дипломант және ынталандыру сыйлықтарының иегерлері де марапатталды.
Кеш соңында өңір басшысы Асхат Шахаров далада жағылған алау жанында қатысушылармен қосыла, ақынның «Сәйгүлік» әнін шырқады.
Тәуірбек Бозекенов

24 қантар, 15:09
Ержан Жиенбаев: Халық Кеңесі Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Ұлттық құрылтайдың стратегиялық функцияларын орындауды жалғастырады
23 қантар, 19:56
Көмірді кәдеге жарату немесе энергетикалық тәуелсіздік
23 қантар, 15:48
Көздегені пайда, білім сапасы қайда!?
22 қантар, 15:22
Қазіргі депутаттар жаңа Құрылтайға қайта сайлана ма?
20 қантар, 14:02
Президент: Неке институтын ер мен әйелдің ерікті одағы ретінде заңнамалық тұрғыда нығайту қажет
20 қантар, 10:48
Банкомат арқылы қолма-қол ақша алатын азаматтарға қатысты деректер базасы құрылмайды – Ұлттық банк
19 қантар, 13:48
Аида Балаева балаларға арналған кітаптардың жоқ екенін ашып айтты
12 қантар, 13:42
Заңгер: Кінәсі сотпен дәлелденсе ғана - қылмыскер
26 желтоқсан 2025, 17:18
ЮНЕСКО тізімі және цифрландыру: тарихи-мәдени мұраны сақтау саласында қандай жұмыс жүргізілді?