jasqazaq.kz

Табыл — ән, Табыл — сурет, Табыл — өлең…

11 шiлде 2025, 11:59

Енді бідің естелікке Табылды Досымов зәру емес. Ендігі жерде ескерткішке айналған тұлғаның өзі сөйлегені, яғни әдеби-музыкалық мұрасының сөйлегені дұрыс.
Соңғы он бес жылда оның өмірдегі нақты бейнесінен өнердегі көркем бейнесі бөлініп шығып ел жүрегінен берік орын ала бастады. Осы күндері жер-жерде Табылды Досымовты 60 жылдығына орай әртүрлі, бір-біріне ұқсамайтын іс-шаралар өтіп жатыр.
Мысалы, мамыр айының соңында Т.Досымовты еске алуға арналған еркін күрестен республикалық ашық турнир мәресіне жетті. Тәкеңнің еркін күрестен кезінде ел намысын қорғағын біреу білер біреу білмес. Сондай-ақ, Атырау облыстық көркемсурет және қолданбалы өнер музейінде қыл қалам шеберлерінің «Кенептегі асау тағдыр» атты көрмесі ұйымдастырылды. Онда ақынның шығармашылығы суретшілер көзімен әдемі бейнеленген.
2025 жылдың 17 шілдесінде туған жерінде қазақтың тұңғыш бард-ақынынның құрметіне аймақтық ән байқауы болмақшы. Ал Индер аудандық кітапханасында «Із тастап аққан бір жұлдыз» атты оқырмандар кеші жоспарланып отыр.
Ең бастысы, 12-13 шілде күндері Астана қаласындағы Ә.Мәмбетов атындағы театрда бард-ақынның шығарамалары негізінде жазылған «Сәйгүлік» музыкалық драмасының премьерасы өтпекші. Қарап отырсақ, Табыл – ән, Табыл – сурет, Табыл – өлең…
Бұл — халық махаббатының шынайы көрінісі екеніне еш шүбәміз жоқ. Ендеше театр кешінде кездесейік!

Ә.Смайылов

24 қантар, 15:09
Ержан Жиенбаев: Халық Кеңесі Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Ұлттық құрылтайдың стратегиялық функцияларын орындауды жалғастырады
23 қантар, 19:56
Көмірді кәдеге жарату немесе энергетикалық тәуелсіздік
23 қантар, 15:48
Көздегені пайда, білім сапасы қайда!?
22 қантар, 15:22
Қазіргі депутаттар жаңа Құрылтайға қайта сайлана ма?
20 қантар, 14:02
Президент: Неке институтын ер мен әйелдің ерікті одағы ретінде заңнамалық тұрғыда нығайту қажет
20 қантар, 10:48
Банкомат арқылы қолма-қол ақша алатын азаматтарға қатысты деректер базасы құрылмайды – Ұлттық банк
19 қантар, 13:48
Аида Балаева балаларға арналған кітаптардың жоқ екенін ашып айтты
12 қантар, 13:42
Заңгер: Кінәсі сотпен дәлелденсе ғана - қылмыскер
26 желтоқсан 2025, 17:18
ЮНЕСКО тізімі және цифрландыру: тарихи-мәдени мұраны сақтау саласында қандай жұмыс жүргізілді?