Табиғатты бүлдіргендерге 11,4 млрд теңге айыппұл салынды

27 қазан 2023, 10:20


Атырау облысында жыл басынан бері табиғатты бүлдірушілерге жоспардан тыс 27 тексеру жүргізілген. Тексеру қорытындысымен заң бұзушыларға 11 млрд 48 млн теңге айыппұл салынды.
Атырау облысы бойынша Экология департаментінің басшысы Әлібек Бекмұхаметовтің мәліметінше, тексерулер нәтижесінде заң бұзушылыққа қатысты 39 дерек анықталған.
– Экологиялық заңнама талаптарын сақтау бойынша жоспардан тыс 27 тексеру жүргізіліп, 39 бұзушылық анықталды. Тексеру жұмыстары «Атырау мұнай өңдеу зауыты», «Karabatan Utility Solutions», «Теңізшевройл» компаниялары мен «ЖылыойСу» МКК-ға жүргізілді. Кінәлілерге қатысты 96 әкімшілік іс қозғалды. Аталған тексерулер нәтижесіне байланысты жалпы құны 11 млрд 48 млн теңгенің айыппұлы салынды, — деп хабарлады Әлібек Бекмұхаметов.
Оның айтуынша, «Атырау мұнай өңдеу зауыты» ЖШС ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 328-бабының 3-бөлігінде көзделген қоршаған ортаға бекітілген нормативтер көлемін бір жыл ішінде екі реттен көп асырған.
– «Атырау мұнай өңдеу зауыты» ЖШС-ға қатысты технологиялық режимнің бұзғаны үшін 4 рет, электр энергиясының өшуі бойынша 1 рет жоспардан тыс тексеру жүргізілді. Алау қондырғысында газдарды жағу кезінде нормадан артық эмиссиялар жүзеге асырылған. Өнеркәсіптік эмиссиялардың сынамаларын алуға арнайы орындардың болмағаны, эмиссиялардың автоматтандырылған мониторингі жүйесі енгізілмегені және қалдықтарды басқару талаптарының бұзылғаны анықталды, — деді Әлібек Бекмұхаметов.
Ал, «Karabatan Utility Solutions» ЖШС-ға жоспардан тыс 4 тексеру жүргізілген.
– Тексерулер кезінде қондырғыға парникті газдарға алынған квота нормасын асыру байқалды. Экологиялық рұқсатсыз жер релефіне сарқынды суларды төгу, жерді бүлдіру және берілген нұсқаманы орындамау түріндегі бұзушылықтар анықталды. Сәйкесінше анықталған бұзушылықтарға 7 млрд 238 млн теңге айыппұл салынды, — деп мәлім етті департамент басшысы.

JQ-Aqparat

01 тамыз, 16:07
Түркістан: «Қауіпсіз қоғам» жобасы - қоғам айнасы
01 тамыз, 11:27
Түркістан: Жазғы демалыстағы қауіпсіздік шаралары
29 шiлде, 15:38
Түркістан: Үздік полицейлер марапатталды
29 шiлде, 14:58
Әйгерім Исаева: Арнайы жасаққа жүрек жұтқан жауынгерлер қабылданады
29 шiлде, 13:40
Түркістан: Жарты жылдың ішінде қылмыс азайды
26 шiлде, 11:34
Мұхит Тұрғараев: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыру бағытында үздіксіз жұмыс жүргіземіз
26 шiлде, 11:33
Мұхит Тұрғараев: Жарты жылда мыңнан астам қызмет көрсетілді
25 шiлде, 13:52
Діндер съезі толеранттылық пен тұрақтылыққа қызмет етеді
24 шiлде, 15:23
Түркістан: Басты мақсат-қылмыстың алдын алу