Tabiğat Labs қала экологиясын жақсартуға үлес қосады

07 желтоқсан 2023, 13:43

Алматыда Tabiğat Labs пилоттық жобасы өз жұмысын қорытындылады. Жоба аясында Алматы, Астана, Атырау қалаларының бірнеше тәуелсіз ұйымдары өз бастамаларын біріктірген болатын. «Шеврон» компаниясының қолдауымен жүзеге асқан жоба қала экологиясының дамуына қосқан қомақты үлес қосты. Жиында жобаны жүзеге асыруға атсалысқан ұйым мүшелері өз тәжірибелерімен бөлісіп, атқарған іс-шаралары жайында әңгімелеп берді.

«Шеврон» өкілі Жанар Қошпанова компанияның экологиялық мәселелерге бей-жай қарамайтынын атап өтті. Компания өкілінің айтуынша, «Шеврон» адами құндылық, адамның өмір сүру сапасына бағытталған әлеуметтік бағдарламаларға баса мән береді. Ол: «Біздің компания бірнеше жылдан бері экология саласына да мән беріп келеді. Tabiğat Labs жобасын биыл маусым айынан бастадық. Жобаның ерекшелігі — үкіметтік емес бес ұйымның атқарып жатқан жұмысы. Жиын барысында әр ұйым өзінің жұмысымен таныстырады», — деді.

Алдымен Tabiğat Labs жобасы аясында жүзеге асқан іс-шараларға тоқталайық. Алматының Бас ботаникалық бағында «Жасыл рейнджер» жобасы эковолонтерлерді қалалық ағаштардың ауруларын диагностикалауға және емдеуге үйретті. Ал Book Kultura бастамасы қалдықтарды азайту және жауапты тұтыну бойынша ондаған ашық пікірталастар мен воркшоптар өткізді. Urbanitarium Camp жазғы эко-урбанистік жасөспірімдер лагері апта сайын кездесулер ұйымдастырды. Атыраудағы YEMAA арт-резиденциясы жас суретшілердің назарын су тапшылығы мәселесіне аударып, «Қайдасың, Тетис?» көрмесін өткізді.

Әділ Нұрмақов, Urban Forum Kazakhstan директоры:

«Шеврон» компаниясымен бірлесіп, осындай маңызды бастамада біріктіруші алаң болу – біз үшін зор мәртебе. Бағдарламаға қатысушылардың әрқайсысы өз жобаларын іске асыра отырып, белсенді түрде атсалысты. Экология саласы бүгінгі адамзат үшін ең маңызды болып қалады».

Tabiğat Labs пилоттық бағдарламасын биыл маусым-қазан айлары аралығында Urban Forum Kazakhstan қоры «Шеврон» компаниясымен серіктестікте іске асырды. Жобаның қатысушылары — Makerspace Aimaty қолдауымен Бас ботаникалық бақ, Impact Hub Almaty, Fading TSE (Астана), YEMAA (Атырау).

Жобаға қатысушылар қалалардың экологиялық мәселелеріне қоғамның көзқарасын өзгерту керек деген пікірді ұстанады. Олар «Жобаларымыз арқылы біз ашық пікір алмасуды, диалог алаңдары мен білім беру бағдарламаларында білген-көргенімізді пайдаланамыз. Біз ортақ мақсатқа қол жеткізу және қала тұрғындарын осы мәселелерді шешуге кеңінен тарту үшін жаңа серіктес құруға ашықпыз», — деген ойларын ортаға салды.

Алдағы уақытта аталмыш жоба аясында экология мәселесінде жасөспірімдердің белсенділігін арттыруға арналған бағдарламалар алдағы уақытта жалғасын тауып, серіктес ұйымдардың қатары арта бермек.

Мақпал Ноғайбаева
Суреттерді түсірген Азамат Жайлаубаев

01 тамыз, 16:07
Түркістан: «Қауіпсіз қоғам» жобасы - қоғам айнасы
01 тамыз, 11:27
Түркістан: Жазғы демалыстағы қауіпсіздік шаралары
29 шiлде, 15:38
Түркістан: Үздік полицейлер марапатталды
29 шiлде, 14:58
Әйгерім Исаева: Арнайы жасаққа жүрек жұтқан жауынгерлер қабылданады
29 шiлде, 13:40
Түркістан: Жарты жылдың ішінде қылмыс азайды
26 шiлде, 11:34
Мұхит Тұрғараев: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыру бағытында үздіксіз жұмыс жүргіземіз
26 шiлде, 11:33
Мұхит Тұрғараев: Жарты жылда мыңнан астам қызмет көрсетілді
25 шiлде, 13:52
Діндер съезі толеранттылық пен тұрақтылыққа қызмет етеді
24 шiлде, 15:23
Түркістан: Басты мақсат-қылмыстың алдын алу