jasqazaq.kz

Т. Жаманқұлов кепілақы ретінде 1,3 млн теңге төледі

07 қараша 2016, 12:20

photo_75959

 

Тұңғышбай Жаманқұловтың қанша сомадағы кепілақымен босап шыққаны белгілі болды.  Әртіс 1,3 миллион теңгені соттың депозитіне салып, қамаудан босатылыпты. Бұл туралы құқық қорғау органдарындағы дереккөз хабарлады.

2016 жылдың 2 қарашасында актер әрі продюсер Тұңғышбай Жаманқұловтың ұсталғаны хабарланды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы «Феникс» көркемфильмінің түсірілімдеріне бөлінген қаражаттың жымқырылғанын анықтаған болатын.

Айта кетейік, мұның алдында мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы Тұңғышбай Жаманқұловтың ұсталуына қатысты пікір білдірген болатын. Министрдің айтуынша, Тұңғышбай Жаманқұлов кешірім сұрау үшін арнайы Астанаға келген. «Бір апта бұрын ол арнайы келіп, кешірім сұрады. Ісіне өкінетінін айтты. Әрине, бұл мәселе оңай емес. Ұзақ ойландым. Мен оған көмек көрсетуге дайынмын (…). Кепіл беруге де дайынмын», — деді мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы.

Тұңғышбай Жаманқұлов түсіруі тиіс болған «Феникс» фильмі туралы ақпаратты мына жерден оқи аласыздар.

 

Tengrinews.kz

 

 

 

Бүгін, 15:22
Мұнай өңдеу: Әлеует пен әрекет үндескенде
16 наурыз, 14:26
Бауыржан Ізмағамбетов: Ауыз су жүйесімен қамту деңгейі 100 пайызға жетті
15 наурыз, 14:02
Шавкат Рахмонов Қонаев қаласында дауыс берді
15 наурыз, 13:36
Қызылорда: Қазақтың үш ханы дауыс беруге келді
13 наурыз, 17:27
Елімізде теміржол инфрақұрылымы жаңғыртылып жатыр
13 наурыз, 16:07
Тіршілік нәрі - судың нарқы қашанда қымбат
12 наурыз, 15:28
Қызылордада тұрғын үй құрылысы қарқын алып келеді
11 наурыз, 12:19
«Таза Қазақстан» акциясы биыл өз жалғасын таппақ
10 наурыз, 15:21
Сұңғат Есімханов: Елімізде 163 жаңартылатын энергия нысаны жұмыс істейді