jasqazaq.kz

Тұңғышбай Жаманқұлов ұсталды

02 қараша 2016, 21:38

tungyshbaj

Ұлттық сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекет бюросы «Феникс» көркем фильмін түсіруге арналған бюджеттік қаражатты жымқырған фактіні анықтады, деп хабарлайды агенттіктің баспасөз қызметі. Тергеу «Қазақфильм» АҚ фильмнің бастапқы әзірлік және дайындық кезеңдеріне «Т.К.TURAN UNIVERSAL BUSINESS» ЖШС-ға 79 млн теңге бөлгенін анықтады. Оның 69 млн теңгесін оның  құрылтайшысы болып табылатын «Т.К.TURAN UNIVERSAL BUSINESS» ЖШС арқылы картинаның бас  продюсері Тұңғышбай Жаманқұлов жымқырған. Ақша қосалқы мердігерлік ұйым арқылы Т. Жаманқұловқа беріліп отырған. Сондай-ақ «Қазақфильм» АҚ-ның экономика және қаржы басқарушы директоры Г. Ысқақова мен атқарушы продюсер Н. Юдинаның ұрлыққа қатысы барлығы дәлелденді. Олар сот санкциясы бойынша тұтқындалды. Бүгін, 2 қарашада аталған қаржыны жымқырды деген күдікпен Тұңғышбай Жаманқұлов ұсталды.

ҚазАқпарат

 

Бүгін, 15:22
Мұнай өңдеу: Әлеует пен әрекет үндескенде
16 наурыз, 14:26
Бауыржан Ізмағамбетов: Ауыз су жүйесімен қамту деңгейі 100 пайызға жетті
15 наурыз, 14:02
Шавкат Рахмонов Қонаев қаласында дауыс берді
15 наурыз, 13:36
Қызылорда: Қазақтың үш ханы дауыс беруге келді
13 наурыз, 17:27
Елімізде теміржол инфрақұрылымы жаңғыртылып жатыр
13 наурыз, 16:07
Тіршілік нәрі - судың нарқы қашанда қымбат
12 наурыз, 15:28
Қызылордада тұрғын үй құрылысы қарқын алып келеді
11 наурыз, 12:19
«Таза Қазақстан» акциясы биыл өз жалғасын таппақ
10 наурыз, 15:21
Сұңғат Есімханов: Елімізде 163 жаңартылатын энергия нысаны жұмыс істейді