jasqazaq.kz

Тұңғышбай Жаманқұлов пен Гауһар Ысқақова жауапқа тартыла ма?

24 қазан 2016, 15:40

391709

Режиссер Талгад Жәнібековтің  еліміздің Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлына қатысты атышулы мәлімдемесінен сәл бұрын оның өзіне және тағы да бірқатар белгілі тұлғаларға қатысты сот алды тергеу амалдары басталған. Олардың арасында белгілі актер Тұңғышбай Жаманқұлов пен «Қазақфильм» АҚ-ның бұрынғы топ менеджері Гаухар Ысқақова да бар. Белгілі болғандай, «Феникс» фильміне бөлінген бюджет қаржысын жымқыруға қатысты істі ҚР мемлекеттік қызмет істері және жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің жемқорлыққа қарсы Ұлттық бюросы тергеп жатқан көрінеді.

Тергеу барысында Гаухар Ысқақованы сот екі айға қамау туралы шешім шығарған. Ол «Феникс» фильміне бөлінген бюджет қаржысын жымқырды деп айыпталып отыр. Ал бұған дейін аталған кинотуындыны қорғап келген Тұңғышбай Жаманқұлов бағытын сәл өзгертіп, өзінің жұмысы үшін тек жалақы алып келгенін, ал қаржылық және өзге де жұмыстармен режиссер Талгад Жәнібековтың айналысқанын мәлімдеген.

Еске сала кетсек, соңғы кездері Мәдениет жәнет спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы өзі атына қатысты тағылған түрлі келеңсіз айыптауларды қасақана ұйымдастырылып отырған шара деп мәлімдеген болатын.

Мәліметтер бойынша, фильмге бөлінген 3 миллион доллар туындының продюссері Тұңғышбай Жаманқұловқа тиесілі «Тұран» фирмасының есеп-шотына аударылуы тиіс болған көрінеді.

caravan.kz

17 наурыз, 15:22
Мұнай өңдеу: Әлеует пен әрекет үндескенде
16 наурыз, 14:26
Бауыржан Ізмағамбетов: Ауыз су жүйесімен қамту деңгейі 100 пайызға жетті
15 наурыз, 14:02
Шавкат Рахмонов Қонаев қаласында дауыс берді
15 наурыз, 13:36
Қызылорда: Қазақтың үш ханы дауыс беруге келді
13 наурыз, 17:27
Елімізде теміржол инфрақұрылымы жаңғыртылып жатыр
13 наурыз, 16:07
Тіршілік нәрі - судың нарқы қашанда қымбат
12 наурыз, 15:28
Қызылордада тұрғын үй құрылысы қарқын алып келеді
11 наурыз, 12:19
«Таза Қазақстан» акциясы биыл өз жалғасын таппақ
10 наурыз, 15:21
Сұңғат Есімханов: Елімізде 163 жаңартылатын энергия нысаны жұмыс істейді