jasqazaq.kz

Тұңғышбай Жаманқұлов алты миллион теңгені қайтарды

16 қараша 2016, 12:53

zhdl

 

Тұңғышбай Жаманқұлов алты миллион теңгені қайтарды. Мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Қайрат Қожамжаров Тұңғышбай Жаманқұловтың ұсталуына қатысты пікір білдірді.

Tengrinews.kz хабарлағандай, Қожамжаров актердің қайтарған сомасын айтты.

«Бүгінге дейін шамамен 6 миллион теңгесін қайтарды. Ол «Қазақфильмге» барлық қарызды өтеп беретінін мәлімдеді, ол өзіне осындай міндетті алды», — деді Қайрат Қожамжаров Мәжіліс отырысының үзілісінде журналистерге.

Сондай-ақ, ол қазіргі уақытта әртістің кепілмен босатылғанын еске салды.

Еске салайық, осыған дейін қазақстандық актердің ұсталғаны  хабарланған еді. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы «Феникс» көркемфильмінің түсірілімдеріне бөлінген қаражаттың жымқырылғанын анықтаған болатын. Кейін ол өз кінәсін толықтай мойындады.

 

Бүгін, 15:22
Мұнай өңдеу: Әлеует пен әрекет үндескенде
16 наурыз, 14:26
Бауыржан Ізмағамбетов: Ауыз су жүйесімен қамту деңгейі 100 пайызға жетті
15 наурыз, 14:02
Шавкат Рахмонов Қонаев қаласында дауыс берді
15 наурыз, 13:36
Қызылорда: Қазақтың үш ханы дауыс беруге келді
13 наурыз, 17:27
Елімізде теміржол инфрақұрылымы жаңғыртылып жатыр
13 наурыз, 16:07
Тіршілік нәрі - судың нарқы қашанда қымбат
12 наурыз, 15:28
Қызылордада тұрғын үй құрылысы қарқын алып келеді
11 наурыз, 12:19
«Таза Қазақстан» акциясы биыл өз жалғасын таппақ
10 наурыз, 15:21
Сұңғат Есімханов: Елімізде 163 жаңартылатын энергия нысаны жұмыс істейді