Тәуекел Мүсілім: «Отыз жасқа дейін үйленбеймін!»

29 желтоқсан 2016, 19:23

Ол – барлық қыздардың көңілін өзіне аударған, елдегі ең сымбатты жігіт. Қыздардың оны қызғанатындығынан ба екен, ол кіммен суретке түссе де «махаббат екен» деген жел сөз гулеп кетеді. Актерлігі мен әншілігі бар, жүргізушілігі бір төбе, спортпен шұғылданғаны тағы бар және жай ғана адамгершілігі мол, қарапайым Тәуекел Мүсіліммен сұқбаттасқан едік. Сіздер де өздеріңізді мазалаған сұрақтарға жауап алуларыңызға болады. 

-Сәлем, Тәуекел! Бізге сұқбат беруге келіскеніңіз үшін рақмет! Сіздің бір сұқбатыңыздан есепке жүйрікпін дегеніңізді оқыған едім. Ақшаны қаншалықты есептейсіз? Үнемшілсіз бе?

-Сәлем! (Күліп) Иә, есепке мектеп кезінде де, жоғары оқу орнында да жақсы болғанмын. Сол себептен де техникалық мамандықты таңдағанмын. Ал ақша жағына келетін болсақ, үнемшілмін. Өзім бай отбасынан шыққан жоқпын. Сондықтан әр теңге, әр тиынға дейін есептеуге тырысамын. Анам да артық шығын шығармауға үйреткен. Әйтеуір ысырап болмасын деп ойлаймын.

-Сөздің шыны керек, сізге жұрт керемет сипаттама береді. Әдемі, сымбатты, адамдармен жақсы байланыс орната біледі… айта берсек көп енді. Бірақ өзіңізге ұнамайтын мінезіңіз, әдетіңіз бар ма? Әлі күнге күресіп жүрген…

-Әрине бар. Ол менің кешігіп жүретінім. Уақытты ыңғайластыра алмаймын. Рейстер болсын, түсірілімдер болсын кешігіп жүремін. Сосын жұмсақтығым бар. Көп жерде наразылығымды айтпаймын. Өзіме байланысты әділетсіздік көріп тұрсам да, біреу айласын асырып жатса да айта алмай қалып жатамын. Сондай бір жұмсақ мінезім бар…

img_4051

-Сіз туралы бір жерден ырымшыл жан деп оқығанмын, сол рас па? Қандай ырым-тиымдарды ұстанасыз?

-(Күліп), рас па, білмеймін?! Шыны керек, мен ырымдарға сенбеймін. Кішкентайымнан сенген емеспін. Алдағы уақытта да сенбейтініме сенімдімін. Менің ойымша, бәрі Алладан. Сондықтан күйіп-пісетіндей жағдай емес деп ойлаймын.

-Қыздарға талапты жоғары қоятын сияқтысыз. Әлі бойдақ жүргеніңізге сол себеп емес пе?

-Қыздарға аса жоғары талап қоймаймыз. Қазір енді көбінесе жұмыспен, өнермен жүргеннен кейін кішкене уақыт тапшы болып жатыр. Ал енді өзіңіз білесіз, жеке өмірге уақыт бөлу керек, көңіл бөлу керек, ақша бөлу керек деген сияқты және «нерв» бөлу керек. Сол жағынан тапшы болғандық, көңіл бөлмей жүрмін. Алла жазса отызға таман, әлі екі жылдай жүгіріп, жететін жетістіктерге жетіп, бағындыратын қамалдарды бағындырып алсақ. Бұйырса, артынша міндетті түрде үйленеміз.

img_4152

-Көп қыздармен сізді байланыстырады. Мақпал Исабекова, Гүлназ дегендей. Бірақ сіз ешқашан ол әңгіме төңірегінде жауап бермейсіз. Неліктен? Рас болғаны ма, әлде сізге назардан түспей жүрген ұнай ма?

-Әрине, кіммен суретке түссең де бәрі өз пікірін, ойын айтуға асығып, құмартып тұрады. Бұл менің ойымша, білмей жатып тон пішу. Ол, әрине, дұрыс емес. Мен парақшамда жариялап, ресми түрде айтып жатқаным жоқ. Ал үндемейтін себебім бұл – жалған әңгімелер болғандықтан уақыт кетіргім келмейді. Бәріне назар аудара бермеймін…

-Енді қашан анаңызға келін әкелуді ойлап жүрсіз?

-Ғашық болып жатсам үйленуім ертең-ақ. Одан ешкім сақтанған емес. Кездесіп жатса үйленемін. Кездеспесе өз тірлігіммен айналысып жүре беремін. Негізі отызға дейін үйленбеймін деген ойым бар. Анам да асығып жатқан жоқ. Сондықтан бәрі жақсы.

-Спорттың біраз түрімен айналысып тастап кеткен екенсіз. Ол сіздің қызығушылығыңыз тез таусылып қалады деген сөз бе? Болашақта өнерден де басқа салаға кетуіңіз мүмкін бе?

-Иә мен бір емес, бірнеше түрімен айналыстым. Әрине, басында қызығушылықпен барасың, бірақ мына әкесіз өткеннің өзіндік кесірі бар. Ана деген әрдайым сенің қамыңды ойлап, сені жеткізейін деп таңнан кешке дейін жұмыста болады. Ол кісінің бізді қадағалауға уақыты бола бермейтін. Көбіне тәтеміз қарайтын. Енді әйел заты болғаннан кейін ол кісілердің спортқа қызығушылы болмайды. Одан кейін саған қандай кеңес бере алады?

Сол себепті әкесіз өскеннен кейін мен спортты тастап кеттім. Алғашында қызығушылықпен барғанмен, кейін кәсібиге өткен кезде оның артатын салмағы да көбейетін. Сондықтан шыдамай тастап кетіп жүрдім. Ал сол кезде ер адам қолдау білдіргенде, «қазір қиналғаныңмен ертең мықты боласың» дегенде бәлкім менен жақсы спортшы шығар ма еді?! Сондай бір себебі бар енді. Болашақта, әрине, өнер болған соң бүгін қалың жұрттың көңілі саған түсіп тұрғанымен, ертең ол сууы әбден мүмкін. Сондықтан тек қана осыған үміт арту қате деп ойлаймын. Өз басым болашақта жеке кәсібімді ашсам деген ойым бар.

img_4069

-Бір нәрсе айтайыншы, сіздің сұқбаттарыңызды оқып отырып байқағаным әкеңізге өкпеңіз бар сияқты…

-Жо-оқ, әкеме өкпем жоқ. Бұл – тағдырдың жазғаны. Екі адамның арасында болып тұратын нәрсе ғой. Мен сол себепті әкемді айыптаған емеспін, анам да оған бір рет болсын қарсы қойып тәрбиелеген емес. Сондықтан ол кісі папамды сыйлап, құрметтеп тұрады. Әлі күнге дейін ол кісіні жақсы көретінін білемін…

-Өзіңіздің неше балаңыз болғанын қалайсыз?

-Алла жазса мүмкіндігім болса, көп балалы болғанды қалаймын. Өзім үш ұлым мен бір қызым болғанын армандаймын. Одан көп болса да қарсы емеспіз. Алла күш-қуат берсе, қазақтардың санын көбейтеміз.

-Арманыңызға жетіңіз! Уақыт бөліп, сұқбаттасқаныңыз үшін рақмет! 

 

ikerim.kz

Бүгін, 19:00
Ұлы мұрат - тәуелсіздік
16 шiлде, 11:51
Құнанбай Мұсаев: Соттың бар шаруасы жаппай айдатып, қамай беру емес
15 шiлде, 14:02
«Ұстанған діндеріміз, жолдарымыз бір-бірімізге дұшпан етпеуі керек».
12 шiлде, 12:18
Жанар Қалабаева: Медиациялық мәмілені жүзеге асырғанда екі тараптың да құқығы шектелмеуі керек  
11 шiлде, 15:51
Түркістан: Сауран ауданында қауіпсіздікті қамтамасыз ету шаралары жүріп жатыр
10 шiлде, 13:25
Түркістан: Жедел-профилактикалық іс-шаралар жалғасып жатыр
10 шiлде, 13:21
Түркістан: Тәртіп сақшылары қауіпсіз қоғам қалыптастыру жолында
09 шiлде, 15:12
Түркістан: Полиция заң мен тәртіпті бұзғандарды құрықтайды
09 шiлде, 12:20
Түркістан: Тұрғындарға құқықтық көмек көрсетілуде