jasqazaq.kz

Тәуекел Мүсілім көпшіліктен өзін «сұлу» деп атамауды сұрады

02 наурыз 2017, 11:20

Отандық актерлердің бірі –  Тәуекел Мүсілім оқырмандарынан өзін «сұлу» деп атамауды сұрады. Бұл туралы ол өзінің желідегі парақшасында айтты.

Көптеген қыздың арманына айналып үлгерген актер оқырмандарына өтініш жасаған. Оның айтуынша, ер адамдарды «сұлу» деп атау дұрыс емес.

«Менің Instagram парақшама “Сіз сұлусыз, т.б“ деген көптеген пікірлер жазылады. Қазақтың сөз қолдануында ер кісіге қарата сұлу деу сәл әбестік. Ал сымбатты десеңіздер, әңгіме жоқ», – деп түзетті ол оқырмандар сөзін.

Желі қолданушылары болса, актердің қазақ тіліне тән заңдылықтарға баса назар аударғаны үшін алғыс айтты.

 

nur.kz

 

Бүгін, 14:08
Әлібек Молдакәрімов: Өңірдегі жобалар негізінен өңдеу өнеркәсібіне бағытталған
Бүгін, 12:46
АЭС құрылысы: Дұрыстығы дәлелденген тарихи шешім
20 наурыз, 11:24
Қорғаныс қабілеті мықты мемлекет ертеңге сеніммен қарайды
19 наурыз, 12:31
Әскери ынтымақтастық: Қуатты қорғаныс саясатының берік кепілі
18 наурыз, 13:39
«Таза Қазақстан» әркімнің өзінен басталады
18 наурыз, 12:56
Мирас Тоқтарханов: Абай облысында ауыл шаруашылығының барлық бағытына қолдау бар
17 наурыз, 15:22
Мұнай өңдеу: Әлеует пен әрекет үндескенде
17 наурыз, 12:25
Рәтбек Демеуберген: Біздің басты міндетіміз - кез келген жағдайға жедел әрекет ету
16 наурыз, 14:26
Бауыржан Ізмағамбетов: Ауыз су жүйесімен қамту деңгейі 100 пайызға жетті