Төрт жарым жылдан бері малшыны құлдықта ұстап келеді

09 наурыз 2017, 15:25

Өзін Талғат Оразбаев деп таныстырған азамат аталас інісі Қизаттың танымал шенеуніктің үйінде құлдықта жүргенін айтты. Адам еңбегін өтеусіз пайдаланып отырған кезекті оқиғаны назарларыңызға ұсынамыз.

nur.kz хабарлағандай, аталас бауырым әрі інім Қизаттың жоғалып кеткеніне 4 жарым жыл болды. ШҚО Тарбағатай ауданы Ақсуат ауылында тұратын ініміз нәпақа табу үшін белгілі шенеуніктің малын бағуға кеткен. Қизатты Алматы облыстық ІІД Жергілікті полиция қызметі басшысының орынбасары, полиция полковнигі Шыңғыс Сабыровтың әкесі Абдулла Сабыров құлдықта ұстап отыр. Былайша айтқанда, баласы әкесін «крышовать» етіп отыр. Ақсуаттан туыстар хабарласқан соң, Абдулламен байланысқа шықтық. «Сіздің малыңызды бағамын деп төрт жарым жылдан бері үйдің бетін көрген жоқ. Бір тиын жалақы да төлемепсіздер. Енді бауырымызды қайтарыңдар», — деп сұрау салдық. Алайда Абдулла Сабыров бізден сескенбейтінін айтуда, — дейді Қизаттың аталас ағайыны Талғат Оразбаев.

Абдулла Сабыров ұлының белді шенеунік екенін айтып, бауырын іздеген Қажыбаевтардың сөзіне құлақ аспаған.

«Менің ұлымның кім екенін білесіздер ме? Менің барлық жерде танысым бар. Қизат мал өлтірген, оны ешқайда жібермеймін», — деп кесіп айтыпты Абдулла Сабыров.

Қапшағайдың арғы жағындағы Жоламан деген қыстақта мал бағып жүрген ол өзінің ешқайда кете алмайтынын айтты.

— Мен 1970 жылы мамырдың 20 күні дүниеге келгенмін. Ата-анам қайтыс болған. Екі бауырым бар. Бірі Алматыда, екіншісі ауылда. Бір жолдас балам осында мал баққан, сол ертіп келді. Сиыр бағасың, ай сайын 30 мың теңге жалақы төлейміз деп келіскен едік. Қазіргі қожайыным Сабыров Абдулла, құжатымның бәрі сол кісіде. Төрт жылда бір тиын алып көрмеппін. Үйіме қайтайын десем, кейін барасың деп алдап жүр. Осында жүргеніме төрт жыл, бес ай болды. Бауырларым жібер деп хабарласып жатыр ғой енді, бірақ жіберер түрі жоқ. Жанымда тағы екі жігіт бар, — дейді Қизат.

Бауырларының айтуынша, Қизаттың ақыл-есінде сәл ауытқушылық болуы мүмкін.

Осы орайда, Қизатты құлдықта ұстап отырған Абдулла Сабыровқа телефон шалдық. Ол Қизаттың бауырлары айтқан сөзді жоққа шығарып отыр.

«Қизаттың ешқандай бауырлары жоқ. Оны кім іздеп жүргенін өзі де білмейді. Ондай адамдарды танымаймын деп айтты. Бауырлары басымды қатырмасын, мен олармен тағы сөйлесемін», — деген Абдулла Сабыров телефон тұтқасын тастап жіберді.

Алматы облыстық Ішкі істер департаменті баспасөз қызметінің өкілі Айман Мырзекова аталған оқиғаға қатысты тексеру жұмыстарының жүргізіліп жатқанын хабарлады. ІІД тексеру нәтижелерінің қорытындысымен таныстырады.

16 шiлде, 11:51
Құнанбай Мұсаев: Соттың бар шаруасы жаппай айдатып, қамай беру емес
15 шiлде, 14:02
«Ұстанған діндеріміз, жолдарымыз бір-бірімізге дұшпан етпеуі керек».
12 шiлде, 12:18
Жанар Қалабаева: Медиациялық мәмілені жүзеге асырғанда екі тараптың да құқығы шектелмеуі керек  
11 шiлде, 15:51
Түркістан: Сауран ауданында қауіпсіздікті қамтамасыз ету шаралары жүріп жатыр
10 шiлде, 13:25
Түркістан: Жедел-профилактикалық іс-шаралар жалғасып жатыр
10 шiлде, 13:21
Түркістан: Тәртіп сақшылары қауіпсіз қоғам қалыптастыру жолында
09 шiлде, 15:12
Түркістан: Полиция заң мен тәртіпті бұзғандарды құрықтайды
09 шiлде, 12:20
Түркістан: Тұрғындарға құқықтық көмек көрсетілуде
05 шiлде, 14:06
Түркістан: Төлеби ауданында профилактикалық іс-шаралар басталды