jasqazaq.kz

Тұрғындар мен монополист арасындағы көмір «шайқасы»

12 желтоқсан 2016, 21:41

Петропавл тұрғындарын жылумен қамтамасыз ететін «Севказэнерго» кәсіпорны халыққа былтырғы көмірден артылған қаржыны қайтарудан бас тартып отыр. Бұған оларды Солтүстік Қазақстан облыстық табиғи монополияларды реттеу департаменті міндеттеген болатын.

ktk.kz хабарлағандай, монополияға қарсы департамент мамандарының есебінше, өткен қыс жылы болғандықтан, монополист компания біршама отын үнемдеген. Ал қайтарылатын ақша көлемі шамамен әр шаршы метр үшін 14 теңге. Сонда кәдімгі екі-үш бөлмелі пәтерге жылу ақысы бес жүзден мың теңгеге дейін қайта есептелуі тиіс болатын. Алайда мұнымен келіспеген «Севказэнерго» монополияға қарсы агенттікті сотқа сүйреп, жеңіп шығыпты. Олар жылуды әдеттегіден екі күнге кеш ажыратқанын уәж еткен. Оның үстіне пәтерлердегі орташа температура да талап бойынша 17-18 градус емес, одан әлдеқайда жылы болған дегенді алға тартыпты. Алайда мамандар сот шешімімен келіспей отыр.

Алексей Маркелов, СҚО табиғи монополияларды реттеу департаменті жанындағы сараптамалық кеңестің мүшесі:

-Облыстық сотқа апелляциялық шағым түсірдік. Қалалық соттың шешімін дұрыс емес деп есептейміз. Біздің ойымызша, судья ондаған есептеулер мен түрлі заңнамалардан шатасып, теріс шешім шығарды. Енді облыстық сот бұл мәселені егжей-тегжейлі тексеріп, шағымымызды қанағанттандыруы тиіс.

Бүгін, 15:22
Мұнай өңдеу: Әлеует пен әрекет үндескенде
16 наурыз, 14:26
Бауыржан Ізмағамбетов: Ауыз су жүйесімен қамту деңгейі 100 пайызға жетті
15 наурыз, 14:02
Шавкат Рахмонов Қонаев қаласында дауыс берді
15 наурыз, 13:36
Қызылорда: Қазақтың үш ханы дауыс беруге келді
13 наурыз, 17:27
Елімізде теміржол инфрақұрылымы жаңғыртылып жатыр
13 наурыз, 16:07
Тіршілік нәрі - судың нарқы қашанда қымбат
12 наурыз, 15:28
Қызылордада тұрғын үй құрылысы қарқын алып келеді
11 наурыз, 12:19
«Таза Қазақстан» акциясы биыл өз жалғасын таппақ
10 наурыз, 15:21
Сұңғат Есімханов: Елімізде 163 жаңартылатын энергия нысаны жұмыс істейді