jasqazaq.kz

Сыртқы істер министрі Ауғанстанға жұмыс сапарымен барды

13 шiлде 2025, 15:34

Ауған тарапының шақыруымен Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу жұмыс сапарымен Ауғанстанға барды.
Сапар аясында Ауғанстан Премьер-министрінің экономикалық мәселелер жөніндегі орынбасарының міндетін атқарушы Абдул Ғани Барадармен кездесу өтті.
Тараптар сауда-экономикалық, транзиттік және аграрлық салалардағы, сондай-ақ геобарлау және цифрландыру бағытындағы ынтымақтастық келешегін қарастырды.
М.Нұртілеу Ауғанстанды Орталық Азия өңірімен тарихи және географиялық тұрғыда тығыз байланысты ел ретінде қарастыратынын және елдер арасындағы сенім мен ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға ниетті екенін атап өтті.


Өз кезегінде Ауғанстан Премьер-министрінің орынбасары Кабул мен Астана арасындағы серіктестікті кеңейтуге үлкен әлеует барын атап өтті. Оның айтуынша, Кабул бірлескен инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыру арқылы Ауғанстанда жұмыс орындарын құруға үміт артады.
Кездесу қорытындысы бойынша Қазақстанның Көлік министрлігі мен Ауғанстанның Қоғамдық жұмыстар министрлігі арасында Орталық Азия мен Оңтүстік Азия арасындағы теміржолды салу және пайдалану бойынша негізгі қағидаттар туралы өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды.
JQ-Aqparat
Сурет: сыртқы істер министрлігі

20 наурыз, 11:24
Қорғаныс қабілеті мықты мемлекет ертеңге сеніммен қарайды
19 наурыз, 12:31
Әскери ынтымақтастық: Қуатты қорғаныс саясатының берік кепілі
18 наурыз, 13:39
«Таза Қазақстан» әркімнің өзінен басталады
18 наурыз, 12:56
Мирас Тоқтарханов: Абай облысында ауыл шаруашылығының барлық бағытына қолдау бар
17 наурыз, 15:22
Мұнай өңдеу: Әлеует пен әрекет үндескенде
17 наурыз, 12:25
Рәтбек Демеуберген: Біздің басты міндетіміз - кез келген жағдайға жедел әрекет ету
16 наурыз, 14:26
Бауыржан Ізмағамбетов: Ауыз су жүйесімен қамту деңгейі 100 пайызға жетті
15 наурыз, 14:02
Шавкат Рахмонов Қонаев қаласында дауыс берді
15 наурыз, 13:36
Қызылорда: Қазақтың үш ханы дауыс беруге келді