Сырдарияда бір әулеттен 11 адам суға батып кетті

22 тамыз 2023, 9:17

Сурет: ТЖМ

Түркістан облысында Сырдария өзеніне батып кеткен 11 адам 4 ағайынды отбасының мүшелері болған.
Олар — Отырар ауданына қарасты Көксарай ауылының тұрғындары. Сырдария өзеніне демалуға барлығы 20 адам барған. Суға түсуге арналмаған орында шомылған 11 адам батып кеткен.Соңғы жарияланған мәлімет бойынша, сегіз адамның денесі табылды.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлағандай, жағдай аймақ басшысы Дархан Сатыбалдының тікелей бақылауында.
Облыс әкімінің бірінші орынбасары Зұлыпхар Жолдасов пен облыс әкімінің орынбасары Бейсен Тәжібаев оқиға орнында болып, нұсқау берді. Қайғы жамылған әулеттің үйіне барып, көңіл айтты. Тиісті көмек көрсетіледі.
Қазір 144 бригада, 16 техника, 6 жүзу құралы жұмыс істеп жатыр. Іздестіру шаралары түнде де тоқтаған жоқ.
Облыстық Төтенше жағдайлар департаменті жанынан жедел штаб жұмыс істеп тұр.
JQ-Aqparat

Бүгін, 14:33
Түркістан: Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың жолын кесу және пробация
Бүгін, 14:01
Түркістан: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыруға арналған шаралар
05 тамыз, 14:39
Түркістан: Қауіпсіздікті сақтау маңызды
01 тамыз, 16:07
Түркістан: «Қауіпсіз қоғам» жобасы - қоғам айнасы
01 тамыз, 11:27
Түркістан: Жазғы демалыстағы қауіпсіздік шаралары
29 шiлде, 15:38
Түркістан: Үздік полицейлер марапатталды
29 шiлде, 14:58
Әйгерім Исаева: Арнайы жасаққа жүрек жұтқан жауынгерлер қабылданады
29 шiлде, 13:40
Түркістан: Жарты жылдың ішінде қылмыс азайды
26 шiлде, 11:34
Мұхит Тұрғараев: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыру бағытында үздіксіз жұмыс жүргіземіз