Сұлулық салоны өртенді (Видео)

28 шiлде 2023, 16:11

Алматыда сұлулық салоны мен азық-түлік дүкені орналасқан екі қабатты ғимарат өртенді.
Алматы қалалық ТЖД-ның ақпараты бойынша, бүгін сағат 12:21-де 101 пультіне Наурызбай ауданы, Жандосов көшесі, 11 А мекенжайында өрт шыққаны туралы тұрғындардан бірнеше хабарлама түскен.
«Өрт сөндірушілер 6 минутта жеткен сәтте екі қабатты ғимарат шатырының жабындысы мен ғимараттың сырты өртеніп жатқанын анықтады. Қызыл жалын 100 шаршы метрді алып, өрттің көршілес екі қабатты тұрғын үйге таралу қаупі туындады. Өрт сағат 12:37-де оқшауланып, сағат 12:43-те жойылды. Сонымен қатар, өрттің шаштаразға және іргелес ғимараттағы тұрмыстық химия дүкеніне өтуіне жол берілмеді. Зардап шеккендер болған жоқ. Өрттің себебі анықтау үшін оқиға орнында Өрт сөндіру зертханасының анықтаушылары мен мамандары жұмыс істеп жатыр», — деп хабарлады төтенше жағдай департаментінің баспасөз қызметі.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Департамент по ЧС г.Алматы (@almaty_tjd)

JQ-Aqparat

08 тамыз, 10:38
Мақсат Мақтабек: Заң – азаматтардың қорғаны
08 тамыз, 10:29
Түркістан: Қоғамдағы қауіпсіздік – тәртіп сақшысының күнделікті жұмысы
07 тамыз, 14:33
Түркістан: Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың жолын кесу және пробация
07 тамыз, 14:01
Түркістан: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыруға арналған шаралар
05 тамыз, 14:39
Түркістан: Қауіпсіздікті сақтау маңызды
01 тамыз, 16:07
Түркістан: «Қауіпсіз қоғам» жобасы - қоғам айнасы
01 тамыз, 11:27
Түркістан: Жазғы демалыстағы қауіпсіздік шаралары
29 шiлде, 15:38
Түркістан: Үздік полицейлер марапатталды
29 шiлде, 14:58
Әйгерім Исаева: Арнайы жасаққа жүрек жұтқан жауынгерлер қабылданады