Светлана Айтпаева: Ұлттық құндылықтарымыздан теріс бағытқа қарай кетіп бара жатқан тұстарымыз көп

24 тамыз 2023, 12:40

 

Сурет: baq.kz

Астанада білім қызметкерлерінің республикалық  тамыз кеңесі өтіп жатыр. BAQ.KZ жазғандай, белгілі әнші Димаш Құдайбергеннің анасы Светлана Айтпаева кеңесте сөз сөйлеп, өз пікірін ортаға салды.

Мәдениет қайраткері Светлана Айтпаева балаларды тәрбиелеуде ұлттық құндылықтарды игерудің маңыздылығы жайында сөз қозғады.

«Құндылық деген не? Адам нені құнды деп бағалайды? Ол — жанына жақын, жоғары бағалайтын дүниелер. Ол рухани құндылық, мәдени құндылық, құнды зат, киім, жаныңыздағы адамның ерекше қасиеттері – осының барлығы құндылық. Бұл — адами құндылықтар. Бірақ осының барлығының ар жағында ұлттың бет-бейнесін, ұлттық болмысымызды көрсететін қазақи құндылықтар тұр. Өмірімізде құндылық туралы жаттанды сөздер бар. Отбасы құндылығы, мәдени құндылық деп айтуға үйреніп кеттік. Терең ойлансақ, ұлттық құндылық деген дүниеге жаттанды жағынан қарамаймыз.

Ұлттық құндылыққа тәрбиелеу тек мектептің еншісінде, мүғалімдердің мойнында деп қана қарамаумыз керек. Қазіргі таңда қоғамда әрбір адамға ұлттық болмысымыздың бейнесіндей болатын ұлттық құндылықтарды сіңіртудің жолдарын ойлауымыз қажет. Құндылық деген не? Ең алдымен ол – біздің тіліміз, дініміз, — деді Димаштың анасы.

Ол қазіргі күнгі діни көзқарасқа қатысты пікірін айтты: «Өкінішке қарай, қазір діни көзқарасқа байланысты ұлттық құндылықтарымыздан теріс бағытқа қарай кетіп бара жатқан тұстарымыз көп. Салт-дәстүрімізден ажырап, өзге ұлттардың таныс емес дүниелерін дұрыс көріп, соған бағытталып кетіп бара жатқан діни көзқарасымыз белең алып бара жатыр. Бұл өте күрделі жағдай. Ұлттық салт-дәстүрімізден, сана-сезімімізден, ата-бабамыз қалыптастырып кеткен үлкен жолдан шығып бара жатқандай қауіп болайын деп тұр».

JQ-Aqparat

 

 

Бүгін, 14:33
Түркістан: Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың жолын кесу және пробация
Бүгін, 14:01
Түркістан: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыруға арналған шаралар
05 тамыз, 14:39
Түркістан: Қауіпсіздікті сақтау маңызды
01 тамыз, 16:07
Түркістан: «Қауіпсіз қоғам» жобасы - қоғам айнасы
01 тамыз, 11:27
Түркістан: Жазғы демалыстағы қауіпсіздік шаралары
29 шiлде, 15:38
Түркістан: Үздік полицейлер марапатталды
29 шiлде, 14:58
Әйгерім Исаева: Арнайы жасаққа жүрек жұтқан жауынгерлер қабылданады
29 шiлде, 13:40
Түркістан: Жарты жылдың ішінде қылмыс азайды
26 шiлде, 11:34
Мұхит Тұрғараев: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыру бағытында үздіксіз жұмыс жүргіземіз