Света Айтбаева: Ол қандай ат, тіліміз келмейді

20 қыркүйек 2023, 16:14

Әнші Света Айтбаева отандық бағдарламасына сұхбат беріп, есімі туралы естелікті айтты.

«Ата-әжемнің ең тұңғыш немересімін. Кейбір жағдайда «атыңыз неге орысша» деп сұрап жатады. Атам ұстаз болған, мектеп директоры болған. Сол кісі қызмет етіп тұрғанда, ауылға Қыздар педагогикалық институтын бітіріп, жас маман келген екен. Ауылда қонақүй деген жоқ. Мектепке келген мұғалім міндетті түрде мектеп директорының үйінде тұрады. Сол апамыз ең бірінші қонған күні мен дүниеге келген екенмін. «Сенің жолың құтты болды, аяғыңмен шаңырағымызға құт келді, немерелі болдық, қазақ қонағын сыйлаған, алғашқы немереме ат қою құрметін саған ұсынамын» деген. Институт бітіріп келген жас маман өзі сондай әдемі, сәнқой болған. Ауыл әлі күнге дейін ол кісілердің ауылға институт бітіріп келген сәтін сурет көргендей қылып айтады. «Светлана деп қойсам бола ма?» деген. Уәде — Құдайдың ісі, атам айтып қойған. Ауылдағы үлкен кісілер «ол қандай ат, тіліміз келмейді» деп біраз қарсы болған екен. «Жоқ, қызым келгенде, мен де қызды болдым» деп сол кісі атын қойғызған екен. Атамның керемет мейіріміне, әжемнің керемет өбектеуіне бөленіп өстік», — дейді өнер иесі.

JQ-Aqparat

05 тамыз, 14:39
Түркістан: Қауіпсіздікті сақтау маңызды
01 тамыз, 16:07
Түркістан: «Қауіпсіз қоғам» жобасы - қоғам айнасы
01 тамыз, 11:27
Түркістан: Жазғы демалыстағы қауіпсіздік шаралары
29 шiлде, 15:38
Түркістан: Үздік полицейлер марапатталды
29 шiлде, 14:58
Әйгерім Исаева: Арнайы жасаққа жүрек жұтқан жауынгерлер қабылданады
29 шiлде, 13:40
Түркістан: Жарты жылдың ішінде қылмыс азайды
26 шiлде, 11:34
Мұхит Тұрғараев: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыру бағытында үздіксіз жұмыс жүргіземіз
26 шiлде, 11:33
Мұхит Тұрғараев: Жарты жылда мыңнан астам қызмет көрсетілді
25 шiлде, 13:52
Діндер съезі толеранттылық пен тұрақтылыққа қызмет етеді