jasqazaq.kz

Сун Хунбин: Теңге сыннан өтуде 

25 мамыр 2016, 17:06

Снимок

Елордада өтіп жатқан Астана экономикалық форумының құрметті қонағының бірі – әлемдік қаржы тарихының көрнекті өкілі, Ғаламдық экономиканы зерттеудің тәуелсіз сараптамалық орталығының негізін қалаушы әрі жетекшісі Сун Хунбин. Ол «Валюталар соғысы» деп аталатын еңбектің авторы.  Сол кітабында 2007 жылғы АҚШ-тағы ипотекалық дағдарысты және 2008 жылғы әлемдік қаржы дағдарысын дөп басып айтқан. Оның болжамы Қытайдың өзінде, кейін бүкіл әлемде өте қызу талқыланды.  

Сіздің ойыңызша, әлемдік нарықтардағы, ең алдымен, Қытай, Ресей және Орталық Азиядағы тұрақсыздық қанша уақытқа дейін жалғасады? Орта мерзімді кезеңдегі тенденция қандай?

— Жаһандық дағдарыс жағдайына осыдан екі жылдай бұрын АҚШ Федералдық резервтік қоры доллар мен құнды қағаздар шығаруды доғаруы себеп болды. Осыдан соң дамушы нарықта дағдарыс  орын алды.  Жағдай алдағы  2-3 жылда нашарлай береді. Бірақ  3-5 жылдан соң тұрақталады. Қалай дегенмен де Ресей, Қытай және Орталық Азия елдері әлемдік экономика үшін болашағы зор елдер.

Қазақстанға  келерде біздің елдің экономикалық және қаржы жағдайын зерттеген шығарсыз. Теңгенің жағдайына қандай баға берер едіңіз? Біздің перспективаларымыз қандай?

— Ресей рублі секілді,  дамушы елдердің ұлттық валютасры қазір дағдарысты бастан кешіп отыр. Долларды көптеп жинап алған елдер енді өзара жарысқа көшті.  Осыған байланысты доллардың құны өсіп, ал тауар (мұнай, газ және пайдалы қазбалар) бағасы құлдырап барады. Осы себепті жағдай тұрақтанбай тұрып, 2-3 жыл нашарлайды.  Ал теңге үшін қазір нағыз сын кезең.

Қытай экономикасы әлемдік экономиканың өсу қарқынын айқындайтын факторлардың бірі.  Юань және жалпы Қытай экономикасы жөнінде қандай болжам айта аласыз?                                                                                                         — 2015 жылдан соң Қытайда адамдар юаньнің  жағдайы ендігі жерде  V-бейнесінде емес, ағылшынның L әрпі формасында болатынын түсіне бастады. Бұл күрт құлдырау және көлденең қозғалыс дегенді білдіреді.  Енді Қытайдың ЖІӨ 5-6% өсімде тұрақтайды.  Екінші жағынан, Ресей мен Қытай  бірыңғай валютаға көшуді ойлап отыр.  Юань бірыңғай валютасы мен Қазақстан, Ресей және Орталық Азия елдері қарастырып жатқан бірыңғай валютаны біріктіру нұсқаларын қарау қажет. Бұл  жақсы бір балама бола алады.

 


Cұхбаттасқан Малика ШАЙКЕНОВА 

bnews.kz

Бүгін, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы басты назарда
Бүгін, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда
19 тамыз, 12:15
InEco Fest 2025: Алматыда экология, инклюзия және қала мәдениетін біріктірген фестиваль өтті
19 тамыз, 11:59
Музыка – жасөспірім жанының айнасы
18 тамыз, 14:54
Заманауи аппараттардан – жақсы нәтиже
16 тамыз, 12:34
Шымкент: Жарты жылда 1181 ерекше бала оңалтудан өтті
15 тамыз, 12:19
Биғайша Нұрғазинова: Ерекше балалар қоғамға кірігуі тиіс
10 тамыз, 21:15
Түркістан: Абайдың сөзі – рухани құндылықтың алтын қазынасы
09 тамыз, 15:04
Бахадыр Мәдәліұлы: Мүгедектігі бар азаматтарға қолдау көрсету – мәслихат пен партияның ортақ міндеті