Судың да сұрауы бар

13 тамыз 2023, 23:04

Азаматтардың өз ісіне ұқыпты әрі үнемшіл болуы – өркениетті қоғамның белгілерінің бірі. Әсіресе, табиғи және энергетикалық ресурстарды үнемдеп пайдалану өте маңызды. Халқымыздың «Судың да сұрауы бар» деген мәтелі бүгінде қай кездегіден де өзекті болып отыр. Тіршілік нәрінің тапшылығы қазірдің өзінде көптеген елдерде ең басты проблемаға айналған. Иә, қазір Шымкент қаласында таза ауыз судың табиғи қоры жеткілікті. Алайда, біз бұл бағалы ресурстарды өзіміз пайдаланып қана қоймай, келешек ұрпақ үшін де сақтап, жеткізуіміз керек.

– Бүгінде қала әкімдігі тарапынан жаңа елді мекендерге ауыз су құбырын жеткізу бойынша ауқымды жұмыс жүріп жатыр. Биылдың өзінде Құрсай елді мекенінде 7 мың абонент, Қайнарбұлақ елді мекенінде 2 мың абонент ауыз суға қосылады. Бір сөзбен айтқанда халық санының көбеюіне байланысты Шымкент қаласында ауыз суды тұтыну мөлшері жылдан жылға артып келеді. Ендігі мәселе соған су жеткізіп беру жайы. Бұл біздің тікелей міндетіміз, – дейді «Су ресурстары — Маркетинг» ЖШС-і бас директорының су құбырларын пайдалану жөніндегі орынбасары Бекжан Ешімбетов.

Оның айтуынша, қалада жер асты суларын көтеріп, қалаға қарай айдайтын 5 станция жұмыс істеп тұр. Оның ішінде ең негізгісі – Ақбай-Қарасу су көтеру станциясы. Қалаға келетін судың 70-80 пайызына дейін осы станция арқылы жер астынан шығарылады. Сонымен қатар Бадам-Сайрам, Көмешбұлақ, Тассай-1, 2 су көтеру станциялары жұмыс істеп тұр. Қазір қала осы станциялардың жиынтық қуаттылығының 70 пайызы көлемінде су тұтынып жатыр. Яғни, қазір 30 пайызға қосымша қор бар екен.

– Алайда, Ақбай-Қарасу су көтеру станциясынан қалаға су жеткізетін диаметрі 1200, 1000 және 900 миллиметрді құрайтын 3 магистралды суаққы бар. Міне, сол құбырлар арқылы ең жоғары шекте су айдалып жатыр. Қанша жерден қуатты насос қойсаңыз да ол құбырларға бұдан артық су сыймайды. Сондықтан қазір қалаға 4-ші магистралды суаққы салу керек болып тұр. Биыл біздің компания жобалау жұмыстарымен айналысып жатыр. Келесі жылы инвестициялық жоба ретінде осы істі қолға алып, өз есебімізден құрылыс жұмыстарын бастауды жоспарлап отырмыз, – дейді Бекжан Пердебайұлы.

Бүгінде Шымкент қаласында су құбырларының 46 пайызының, ал, кәріз құбырларының 77 пайызының тозу уақыты жеткен. Осыған байланысты Мемлекет басшысының «Тарифті инвестицияға айырбастау» саясатының шеңберінде кәріз құбырларын кезең кезеңімен жаңарту мақсатында уәкілетті мемлекеттік орган кәріздің жаңа тарифін белгіледі.

Мерей Әлімбек

Бүгін, 10:38
Мақсат Мақтабек: Заң – азаматтардың қорғаны
Бүгін, 10:29
Түркістан: Қоғамдағы қауіпсіздік – тәртіп сақшысының күнделікті жұмысы
07 тамыз, 14:33
Түркістан: Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың жолын кесу және пробация
07 тамыз, 14:01
Түркістан: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыруға арналған шаралар
05 тамыз, 14:39
Түркістан: Қауіпсіздікті сақтау маңызды
01 тамыз, 16:07
Түркістан: «Қауіпсіз қоғам» жобасы - қоғам айнасы
01 тамыз, 11:27
Түркістан: Жазғы демалыстағы қауіпсіздік шаралары
29 шiлде, 15:38
Түркістан: Үздік полицейлер марапатталды
29 шiлде, 14:58
Әйгерім Исаева: Арнайы жасаққа жүрек жұтқан жауынгерлер қабылданады