jasqazaq.kz

Субсидияланатын жұмыс орындарына арнайы топ мониторинг жүргізеді

14 шiлде, 22:45

Халықты жұмыспен қамту шараларына тарту мақсатында мемлекеттік бағдарламалар арқылы жұмысқа жолдама беріледі. Жолданған азаматтардың айлық жалақысы мемлекет тарапынан ссубсидияланады.

Бұл бағдарлама қатысушысының айлығын жұмыс беруші емес, Еңбек мобильділігі орталығы төлейді дегенді білдіреді.

Ол үшін ай сайын жұмыс беруші мекеменің кадр бөлімі бағдарламаға қатысушы адамның жұмыс күндері мен сегіз сағаттық жұмыс режимін сақтағаны, функционалдық міндеттерін орындағаны туралы табельді Еңбек мобильділігі орталығына жолдап отырады. Осыдан кейін айлық жалақы төлемі жүзеге асырылады.

Мемлекеттік бағдарламалар арқылы жұмысқа жолданған азаматтардың жұмыс орнында болуын бақылау мақсатында арнайы мониторинг бөлімі жұмыс істейді. Бұл жұмыстар ел Үкіметінің субсидияланатын жұмыс орындарын ұйымдастыру және жұмысқа орналасқан адамдардың жалақысын субсидиялау қағидаларына сәйкес, №275 бұйрық негізінде жүзеге асырылады.

Қазіргі таңда айлық жалақысы мемлекеттен субсидияланатын жұмыс орындарына мыналар жатады: «Жастар практикасы», «Қоғамдық жұмыс», «Күміс жас»,«Алғашқы жұмыс орны», «Әлеуметтік жұмыс» бағдарламасы және Шымкент қаласында жасөспірімдерге арналған уақытша қоғамдық жұмыстар.

Биылғы жылғы 14 шілдеге дейінгі мәліметке сәйкес, 1 445 мекемеге 3 674 азамат жолданды. Оның ішінде мониторинг негізінде 1024 мекемедегі 2039 азамат тексерілді. Сонымен қатар, 2023-2024 жылдары жолданған 816 мекемеге 1843 азамат жолданған. Соның нәтижесінде, 807 мекеменің 1828 азаматы тексерілді. Осыған орай, субсидияланатын жұмыс орындарын жолданған азаматтарға мониторинг жүргізу барысында, 1316 азаматтың жұмыс орнында болмағаны анықталып, 431 азаматтар жұмыстан шығарылды.

Мониторинг тобы Шымкент қаласындағы №35 жалпы орта білім беретін мектепке жолданған азаматтарға қатысты зерделеу жұмыстарын жүргізді. Аталған мектепке:
— «Жастар практикасы» бағдарламасымен – 4 жас маман,
— Уақытша қоғамдық жұмыс бойынша – 5 жасөспірім жолданған.

Зерделеу нәтижесінде «Жастар практикасы» бағдарламасына қатысушы 4 адамның үшеуі жұмыс орнында болғаны анықталды. Мектеп әкімшілігі бір қатысушының денсаулығына байланысты жұмысқа келе алмағанын мәлімдеді. Мониторинг тобы мұндай жағдайда уақытша еңбекке жарамсыздық туралы анықтама тапсырылуы тиіс екенін ескертті.

Ал уақытша қоғамдық жұмысқа жолданған 5 жасөспірімнің ешқайсысы жұмыс орнында болмағаны анықталды. Бұл дерек бойынша арнайы Аэакт толтырылды.

Бибайша Нұржанқызы, 

Шымкент 

20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда
19 тамыз, 12:15
InEco Fest 2025: Алматыда экология, инклюзия және қала мәдениетін біріктірген фестиваль өтті
19 тамыз, 11:59
Музыка – жасөспірім жанының айнасы
18 тамыз, 14:54
Заманауи аппараттардан – жақсы нәтиже
16 тамыз, 12:34
Шымкент: Жарты жылда 1181 ерекше бала оңалтудан өтті
15 тамыз, 12:19
Биғайша Нұрғазинова: Ерекше балалар қоғамға кірігуі тиіс
10 тамыз, 21:15
Түркістан: Абайдың сөзі – рухани құндылықтың алтын қазынасы
09 тамыз, 15:04
Бахадыр Мәдәліұлы: Мүгедектігі бар азаматтарға қолдау көрсету – мәслихат пен партияның ортақ міндеті