Су жиналу қаупі бар 58 орында ирригациялық жүйе құрылысы жүргізіліп жатыр

10 тамыз 2023, 9:49

Бүгін ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысында алдағы су тасқыны кезеңінде елді мекендерді қорғауды қамтамасыз ету жөніндегі шаралар қаралды. Үкімет басшысы биылғы көктем оңай болмағанын, сондықтан су басу қаупінің алдын алу үшін екі апта ішінде халықты су тасқынынан қорғау жөніндегі іс-шаралар жоспарын дайындауды және тасқынға дайындық барысын бақылау қажеттігін атап өтті.

Шымкент қаласына келсек, 2023 жылдың көктем айларындағы жауын-шашын мезгілінде жалпы қала аумағынан су жиналу қаупі бар 58 орын анықталып, қазір 24 орынға ирригациялық арықтар орнату жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар қала аумағынан ағып өтетін жалпы ұзындығы 339 шақырымды құрайтын 2 өзен мен 34 каналдың жай-күйіне зерделеу жүргізіліп, арналар қоқыстан тазартылуда.

Алдағы уақытта қалған су басу қаупі бар көшелер мен аумақтар да арнайы техникалармен жабдықталып, тұрғындардың қолайлы жүріп-тұруына жағдай жасау жалғасатын болады. Сондай-ақ, «Ақжар» су қоймасының күрделі жөндеу жұмыстарына биыл жобалық сметалық құжат әзірленіп, 2024 жылы құрылыс жұмыстары атқарылады деп күтілуде.

«2021-2023 жылдардағы су тасқынына қарсы іс-шаралар» жол картасы бойынша қала аумағындағы су шаю қаупі бар 6 елді мекен: Жыланбұзған, Маятас, Тоғыс, Қызылжар, Игілік, Тәуелсіздікке 20 жыл тұрғын алабынан ағып өтетін «Бадам» өзенінің арнасын бекіту және нығайту мақсатында жұмыстар жүргізілуде.

Сонымен қатар, қала сыртындағы шаруаларға су жеткілікті болуы үшін су ағатын каналдарды жөндеу, жаңарту бойынша құрылыс қарқынды жүруде. Ал қала ішіндегі микроклиматты жақсарту жұмыстары төрт кезеңге бөлініп атқарылмақ. Бұл туралы қалалық жайлы орта қалыптастыру басқармасы мәлімдеді.

«Биылдан бастап каналдардың құрылысын қарқынды түрде жүргізіліп келеді. Өздеріңізге белгілі, Шымкентте 300 шақырымнан астам 34 канал бар. Оның құрылысын бір жылда аяқтау мүмкін емес. Сондықтан біз 5 жылдық жоспар бекітіп отырмыз. 2023-2028 жылдар аралығында кезең-кезеңімен каналдар бетондалып, құрылысы аяқталатын болады. Бүгінгі таңда екі канал пайдалануға беріліп, су беру көлемі 2,5 текше метрге ұлғайған. Жыл соңына дейін 34 каналдың 6-ның құрылысы бітсе, 7-еуі күрделі жөндеуден өтеді. Жалпы каналдардың бетондалуының нәтижесінде бұрынғыдай судың сіңіп кетуінен, төмен ағыспен келуінен арылып отырмыз. Ал қала ішіндегі микроклиматты жақсарту жұмысы төрт кезеңге бөлініп атқарылатын болады. Қалаға келетін БМК және Жаңа шек каналдарының бетондалған беті арқылы бірінші кезеңде Тәуке хан және Қазыбек би көшелерінің бойымен су жүргізіп көрмекпіз. Бұл жоспар жүзеге асатын болса, қаланың микробелдеуі 60-55 пайызға артады», делінген басқарма хабарламасында.

Мерей Әлімбек

Бүгін, 10:38
Мақсат Мақтабек: Заң – азаматтардың қорғаны
Бүгін, 10:29
Түркістан: Қоғамдағы қауіпсіздік – тәртіп сақшысының күнделікті жұмысы
07 тамыз, 14:33
Түркістан: Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың жолын кесу және пробация
07 тамыз, 14:01
Түркістан: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыруға арналған шаралар
05 тамыз, 14:39
Түркістан: Қауіпсіздікті сақтау маңызды
01 тамыз, 16:07
Түркістан: «Қауіпсіз қоғам» жобасы - қоғам айнасы
01 тамыз, 11:27
Түркістан: Жазғы демалыстағы қауіпсіздік шаралары
29 шiлде, 15:38
Түркістан: Үздік полицейлер марапатталды
29 шiлде, 14:58
Әйгерім Исаева: Арнайы жасаққа жүрек жұтқан жауынгерлер қабылданады