Су мотоциклі туристің аяғын жұлып кетті

31 шiлде 2023, 15:15

Алакөлде демалушының аяғын су мотоциклінің ескіші жұлып кетті.
Оқыс оқиға 30 шілде күні Жетісу облысы Алакөл ауданының Ақши ауылындағы жағалауда болған.
1984 жылғы зардап шегуші Алакөл ауданының ауруханасына жеткізілді. Оның сол аяғын жұлып әкеткен.
«Қазір науқастың жағдайы ауыр. Ол арнайы аппараттың көмегімен тыныс алуда. 1984 жылы туған пациент Алакөл аудандық ауруханасына 30 шілде күні сағат 16:10 келіп түсті. Алған жарақаты салдарынан пациенттің сол аяғы жұлынып кеткен. 3-4 сатыдағы травматикалық шок алған. Жедел түрде сол аяғына операция жасалды. 31 шілде күнгі мәлімет бойынша пациенттің жағдайы өте ауыр. Жансақтау бөлімінде ем қабылдап жатыр» деп хабарлады Жетісу облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.
Полиция осы оқиғаға қатысты ҚР ҚК 344-бабы бойынша қылмыстық іс тергеу амалдарын жүргізіп жатыр.

JQ-Aqparat

Фото: puch-vesti.ru

08 тамыз, 10:38
Мақсат Мақтабек: Заң – азаматтардың қорғаны
08 тамыз, 10:29
Түркістан: Қоғамдағы қауіпсіздік – тәртіп сақшысының күнделікті жұмысы
07 тамыз, 14:33
Түркістан: Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың жолын кесу және пробация
07 тамыз, 14:01
Түркістан: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыруға арналған шаралар
05 тамыз, 14:39
Түркістан: Қауіпсіздікті сақтау маңызды
01 тамыз, 16:07
Түркістан: «Қауіпсіз қоғам» жобасы - қоғам айнасы
01 тамыз, 11:27
Түркістан: Жазғы демалыстағы қауіпсіздік шаралары
29 шiлде, 15:38
Түркістан: Үздік полицейлер марапатталды
29 шiлде, 14:58
Әйгерім Исаева: Арнайы жасаққа жүрек жұтқан жауынгерлер қабылданады