Студенттер кітап оқи ма?

05 қазан 2023, 15:43

Жас қалам

«Қазіргі уақытта адамдар кітап оқудың орнына әлеуметтік желіден шықпайды, кітапханалар бос, ал мектеп оқушылары қалың кітаптің бетін де ашпайды» деген оймен келісесіз бе? Өзім студент болғандықтан, бірге жүрген қатарластарыма осындай сауал тастадым.

Несін жасырайын, студент достарымның арасында кітап оқитындар аз болып шықты. Дегенмен мүлде оқымайды деп те айта алмаймын. Менің сауалыма жауап бергендердің сөзінен қазіргі жастардың шетел әдебиетіне көбірек қызығатынын байқадым. Әсіресе, Уильм Шекспир, Уильям Фолкнер, Франц Кафка, Оскар Уайлд деп жауап бергендерге таңырқап қалдым. Демек менің замандастарым заманауи прозадан гөрі классикаға көбірек құмартады деген сөз ғой?

Әрине, шетел әдебиетін оқу дұрыс емес деп айтпаймын. Бір кітап оқыған адам өзгеше бір әлемді аралап шыққандай әсер алатыны сөзсіз. Ой-өрісін кеңейтіп, жақсыны үйренеді, жаманнан жиренеді. Кітап адамның жан дүниесін байытады, ақылды етеді. Дегенмен бүгінгінің жастары қазақ жазушыларының да керемет шығармаларын оқыса ғой. Мен сияқты біреу «қандай кітап оқыдың» деп сұрағанда «Мұхтар Әуезов, Ғабит Мүсірепов, Әбдіжәмил Нұрпейісов немесе Оралхан Бөкеев десе, керемет емес пе?!

Тоғжан Бердәулет,
Абылайхан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің ФММК факультетінің журналистика мамандығының 2-курс студенті

05 тамыз, 14:39
Түркістан: Қауіпсіздікті сақтау маңызды
01 тамыз, 16:07
Түркістан: «Қауіпсіз қоғам» жобасы - қоғам айнасы
01 тамыз, 11:27
Түркістан: Жазғы демалыстағы қауіпсіздік шаралары
29 шiлде, 15:38
Түркістан: Үздік полицейлер марапатталды
29 шiлде, 14:58
Әйгерім Исаева: Арнайы жасаққа жүрек жұтқан жауынгерлер қабылданады
29 шiлде, 13:40
Түркістан: Жарты жылдың ішінде қылмыс азайды
26 шiлде, 11:34
Мұхит Тұрғараев: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыру бағытында үздіксіз жұмыс жүргіземіз
26 шiлде, 11:33
Мұхит Тұрғараев: Жарты жылда мыңнан астам қызмет көрсетілді
25 шiлде, 13:52
Діндер съезі толеранттылық пен тұрақтылыққа қызмет етеді