jasqazaq.kz

Студент қараусыз қалған әжесін жатақxанаға көшіріп алды

23 желтоқсан 2016, 23:48

Қытайдағы Чэнду университетінің 20 жастағы студенті Лю Линнің хикаясы ғаламтор қолданушыларының жүрегін елжіретті. Колледж студенті өзінің 93 жастағы әжесін өзі білім алатын оқу орнының жатақханасына көшіріп алған.
chengdugrandma-1

stan.kz хабарлағандай, себебі Людің әжесіне қарайтын басқа жан жоқ. Өтіп бара жатқан жыл оның отбасына орны толмас қайғы алып келді. Наурыз айында Людің әжесі аяғын сындырып алса, сәуір айында әкесі ауыр науқастан көз жұмды. Ал болған оқиғалардан күйзеліске түскен Людің анасы ақырында психикалық ауытқушылыққа шалдықты, деп жазды SHANGHAIIST.

Анасы әжесін күтіп-баптауға қауқарсыз болғандықтан, Лю әжесін өзі оқитын білім ордасының жатақханасына көшіріп алды.

 

«Мені әжем аяққа тұрғызды, ал енді менің кезегім. Басқа амалым жоқ. Өйткені оған қарайтын өзге жан жоқ», – деп атап өтті Лю. Оның айтуынша, әжесінің үш бірдей ұлы қайтыс болған.

Жалдамалы бөлмеде екі төсек, киім сөресі, жазу үстелі бар. Мұндай бөлмені жалға алу құны айына 600 юаньді құрайды. Людің інісі де осы қалада жұмыс істейді. Айына 2000 юань жалақы алатын ол табысының жартысынан көп бөлігін Лю мен әжесіне береді.

Әжесіне таңғы ас әзірлеп беру үшін Лю күн сайын таңғы сағат 7.30-да ұйқыдан тұрады. Әжесінен бөлек тұрған кезде ол бұл уақыттан жарты сағат кейін оянатын. Таңертеңгі сабақтар аяқтала салысымен-ақ әжесіне түскі асын беру үшін Лю үйіне қарай асығады. Аз-маз тістері қалған әжесіне ол жеңіл тағамдар әзірлеуге тырысады.

«Әжем сосиска мен зефирді сүйсініп жейді», – дейді Лю.

Лю өзі оқуға кеткен кезде әжесі зерікпес үшін жеке компьютеріне соғыс туралы түрлі фильмдер жазып қойған. Одан бөлек, әжесін жалғызсыратпау үшін Данг-Данг есімді мысық сатып алған.

Күн жылы кезде Лю әжесін серуенге алып шығады.

Көп уақыты мен энергиясын әжесіне жұмсайтын Лю ештеңеге қарамастан оқу үздіктері қатарынан табылып жүр.

«Лю – біздің үздік студентіміз. Оқу барысында үнемі белсенділік танытады, мұғалімдерге қолғабыс етеді», – дейді ұстазы Чжан На.

 

Людің хикаясын отандастарын бей-жай қалдырмады. Көмек қолын созып, ақша ұсынған жандар да табылған. Дегенмен Лю олардың бетін кері қайтарған.

«Інім жұмыс істеп, әжем екеумізге қолғабыс етеді. Өзім де оқу орнымда жартылай жұмыс істеймін. Біздің қолымыздан келеді, басқалардан көмек сұрамауымыз қажет», – дейді Лю.

Chinese Weibo желісінің қолданушылары Людің әжесіне деген адалдығына, махаббатына қайран қалды. Олардың бірі:

«Лю өз арманына қол жеткізеді деп үміттенемін. Әжесі бар адамдар үлгі алса деймін. «Қария отбасының қазынасы» демей ме? Люға және оның әжесіне ең ізгі тілектерімді жолдаймын», – деп пікір білдірген.

15 мамыр, 12:25
Бибігүл Дандығараева: Ұлттық құрылтай – елдің даму бағдары
14 мамыр, 16:42
Маржан Арапбаева: «Бақыттырақ болу үшін, мұрнымды жасаттым» (Видео)
14 мамыр, 16:16
Түркістан: егістік сусыз қалмайды
14 мамыр, 15:14
Түркістан облысында 14 индустриалдық аймақ жұмыс істейді
14 мамыр, 15:02
Түркістан: 41 мектепке жаңғырту жұмыстары жүргізіледі
14 мамыр, 14:50
Түркістан: Жол жөндеу жұмысы қарқынды
06 мамыр, 13:50
Алматыда Tabiğat Labs-тың жаңа маусымы басталды
05 мамыр, 16:31
Телефон алаяқтарының арбауына түскен 25 жастағы жігіттің оқиғасы: “Бәрі бір қоңыраудан басталды…”
04 мамыр, 21:28
Ғибратты ғұмырдың жетпіс жетінші көктемі