jasqazaq.kz

Спортшыларымыз жекпе-жектен әлем чемпионатында 8 алтын жеңіп алды

04 желтоқсан 2017, 15:00

Атырауда жекпе-жектен өткен Әлем чемпионатында 10 алтын медальдің 8-ін Қазақстан құрамасы жеңіп алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.

«Өңірде осындай беделді спорт шарасын өткізу біз үшін үлкен абырой. Қазақстандықтар 8 алтын медаль алып, аралас жекпе-жек спорт түрлері бойынша әлемнің үздік спортшылары екенін тағы бір рет дәлелдеді», — дейді Дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Азамат Бекет.

Жекпе-жектен ӘЧ: 10 «алтынның» 8-ін қазақстандықтар алды

Әлем чемпионы атанған қазақстандықтар: Жұбаныш Бағдат (53 келіге дейін), Арман Әшімов (57 келіге дейін), Бекзат Әлмахан (61 келіге дейін), Мирас Ұлықпанов (65 келіге дейін), Ильяр Асханов (70 келіге дейін), Диас Ерланұлы (75 келіге дейін), Асылбек Смайлов (80 келіге дейін) және Дәурен Ермеков (85 келіге дейін). 90 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде ресейлік Магомедрасул Гасанов, ал 90+ санатында өзбекстандық Рустамқожа Сайдумаров чемпион болды.

Жекпе-жектен ӘЧ: 10 «алтынның» 8-ін қазақстандықтар алды

Жекпе-жектен Әлем чемпионатына Грузия, Қазақстан, Қырғызстан, Моңғолия, Ресей, Тәжікстан және Өзбекстаннан 200-ге жуық спортшы қатысты. Қазақстанның намысын 20 спортшы қорғады. Шара Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті күніне орай және Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ұйымдастырылды.

10 тамыз, 21:15
Түркістан: Абайдың сөзі – рухани құндылықтың алтын қазынасы
09 тамыз, 15:04
Бахадыр Мәдәліұлы: Мүгедектігі бар азаматтарға қолдау көрсету – мәслихат пен партияның ортақ міндеті
06 тамыз, 20:36
Алматыда көше және сәулеттік жарықтандырудың бірыңғай жүйесі жасалады
05 тамыз, 12:34
Бала жанын түсіну – рухани жауапкершілік
31 шiлде, 15:56
Тайланд-Камбоджа: Шиеленіс қалай шешілді?
31 шiлде, 15:21
2,7 млн жайылым жер мемлекетке қайтарылды: жұмыс жалғасады
31 шiлде, 15:00
Айгүл Жамалбекова: Мүмкіндігі шектеулі жандарға ешқандай шектеу жоқ
31 шiлде, 14:48
Қолжетімді баспана – мемлекеттік тұрғын үй саясатының басым бағыты
31 шiлде, 12:19
Жетісайда мүмкіндігі шектеулі жандардың өтініші басты назарда