Сотқа жиі жүгінетін өңірлер

05 қазан 2023, 11:01

Биыл алғашқы жартыжылдықта қазақстандықтар тарапынан еліміздегі соттарға 289 500 өтініш түскен. Бұл туралы еліміздің Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті мәлімдеді.

«Биыл 6 айда бірінші сатыдағы соттардың қарауына 289 500 өтініш келіп түсті. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 19,1%-ға артық. 199 692 өтініш бойынша іс қозғалды. Бұл былтырмен салыстырғанда 33,9%-ға көп. Қанағаттандырылған талап арыздар – 117 985, бас тартылған арыздар – 15 006», — делінген Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті ұсынған деректерде.

Ең көп өтініш Алматы, Астана, Шымкент қалаларында, Қарағанды және Алматы облыстарының соттарына түскен. Нақты тоқталсақ:

Астана – 22 545 өтініш;
Алматы — 69 254 өтініш;
Шымкент — 14 318 өтініш;
Абай облысы — 7 692 өтініш;
Ақмола облысы — 8 777 өтініш;
Ақтөбе облысы — 11 363 өтініш;
Алматы облысы — 16 994 өтініш;
Атырау облысы — 9 133 өтініш;
Шығыс Қазақстан облысы — 10 510 өтініш;
Жамбыл облысы — 12 163 өтініш;
Жетісу облысы — 7 825 өтініш;
Батыс Қазақстан облысы — 9 902 өтініш;
Қарағанды облысы — 20 532 өтініш;
Қостанай облысы — 11 882 өтініш;
Қызылорда облысы — 10 299 өтініш;
Маңғыстау облысы — 9 401 өтініш;
Павлодар облысы — 12 712 өтініш;
Солтүстік Қазақстан облысы — 6 352 өтініш;
Түркістан облысы — 13 785 өтініш;
Ұлытау облысы — 3 126 өтініш.
«Сот еліміздің келесі өңірлерінде түскен өтініштерден бас тартты: Алматы (3 358), Астана (2 210) қалаларында, Қарағанды (993), Қостанай (739) және Ақтөбе (689) облыстары», — делінген комитет жауабында.

JQ-Aqparat

05 тамыз, 14:39
Түркістан: Қауіпсіздікті сақтау маңызды
01 тамыз, 16:07
Түркістан: «Қауіпсіз қоғам» жобасы - қоғам айнасы
01 тамыз, 11:27
Түркістан: Жазғы демалыстағы қауіпсіздік шаралары
29 шiлде, 15:38
Түркістан: Үздік полицейлер марапатталды
29 шiлде, 14:58
Әйгерім Исаева: Арнайы жасаққа жүрек жұтқан жауынгерлер қабылданады
29 шiлде, 13:40
Түркістан: Жарты жылдың ішінде қылмыс азайды
26 шiлде, 11:34
Мұхит Тұрғараев: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыру бағытында үздіксіз жұмыс жүргіземіз
26 шiлде, 11:33
Мұхит Тұрғараев: Жарты жылда мыңнан астам қызмет көрсетілді
25 шiлде, 13:52
Діндер съезі толеранттылық пен тұрақтылыққа қызмет етеді