jasqazaq.kz

Сот талабына бағынбаған Күлікбаев залдан қуылды

25 қазан 2016, 10:52

ruchslan

Алматыда қанды теракт ұйымдастырған Руслан Күлікбаев басты сот отырысында сот тәртібіне бағынбағандықтан, сот залынан қуылды.

Алматы қаласының Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Ерлан Болатов осыған дейінгі сот отырыстарында сот өкілдеріне орнынан тұрып, құрмет көрсетпеген Күлікбаевқа тағы да ескерту жасады.

«Кеше сіз ауырып отырмын деген соң отырып, жауап беруге келістік. Бірақ бүгін сот тәртібі бойынша тұр дегенде тұрасыз, сол үшін алдыңғы орындыққа отырыңыз», — деді Ерлан Болатов.

Бұған Күлікбаев естімеген кейіп танытып, тор ішіндегі екінші орындыққа барып отырды. Алдына отырыңыз деген судья сөзіне: «Не болды?» деп жауап берді.

Осыдан кейін судья Ерлан Болатов Күлікбаевты алып кетуді бұйырып, адвокаттарына ескерту жасады.

ҚазАқпарат

17 наурыз, 15:22
Мұнай өңдеу: Әлеует пен әрекет үндескенде
16 наурыз, 14:26
Бауыржан Ізмағамбетов: Ауыз су жүйесімен қамту деңгейі 100 пайызға жетті
15 наурыз, 14:02
Шавкат Рахмонов Қонаев қаласында дауыс берді
15 наурыз, 13:36
Қызылорда: Қазақтың үш ханы дауыс беруге келді
13 наурыз, 17:27
Елімізде теміржол инфрақұрылымы жаңғыртылып жатыр
13 наурыз, 16:07
Тіршілік нәрі - судың нарқы қашанда қымбат
12 наурыз, 15:28
Қызылордада тұрғын үй құрылысы қарқын алып келеді
11 наурыз, 12:19
«Таза Қазақстан» акциясы биыл өз жалғасын таппақ
10 наурыз, 15:21
Сұңғат Есімханов: Елімізде 163 жаңартылатын энергия нысаны жұмыс істейді