jasqazaq.kz

СҚО-да жер үй өртеніп, әкесі мен екі баласы тірідей жанып кеткен: бір бүлдіршіннің денесі әлі табылған жоқ

12 қантар, 11:53

Солтүстік Қазақстан облысының Мағжан Жұмабаев ауданында жер үйден өрт шығып, салдарынан әкесі мен баласы қаза тапты. Құтқарушылар тағы бір баланы іздеп жатыр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

ТЖМ баспасөз қызметінің ақпаратынша, қайғылы оқиға 11 қаңтар кешке болған. Мағжан Жұмабаев ауданының Майбалық ауылында жер үй өртенген.

«Құтқарушылар оқиға орнына жеткен кезде үй толықтай отқа оранып, толық қирағаны анықталды. Үй иесінің айтуынша, өрт болған сәтте үйде оның жұбайы және кәмелетке толмаған екі бала болған. Өртті сөндіру және үйінділерді бөлшектеу барысында құтқарушылар ер адам мен бір баланың мәйітін тапты. Екіншісін іздеу жұмыстары жалғасып жатыр», — делінген хабарламада.

Қазір оқиға орнында департамент басшылығы жұмыс істеп жатыр, ТЖД психологтары үй иесіне қажетті психологиялық көмек көрсетуде.

Тілсіз жау 64 шаршы метр аумақты шарпыған. Өрттің неден шыққаны әзірге белгісіз.

Өртті сөндіруге ТЖД жеке құрамынан 24 қызметкер мен 6 техника, сондай-ақ «Агрофирма» ЖШС-нің ерікті өртке қарсы құрылымы қатысты, деп атап өтті ведомство.

ТЖМ азаматтарды пеш жағу, электр және газ жабдықтарын пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтауға шақырады.

15 наурыз, 14:02
Шавкат Рахмонов Қонаев қаласында дауыс берді
15 наурыз, 13:36
Қызылорда: Қазақтың үш ханы дауыс беруге келді
13 наурыз, 17:27
Елімізде теміржол инфрақұрылымы жаңғыртылып жатыр
13 наурыз, 16:07
Тіршілік нәрі судың нарқы қашанда қымбат
12 наурыз, 15:28
Қызылордада тұрғын үй құрылысы қарқын алып келеді
11 наурыз, 12:19
«Таза Қазақстан» акциясы биыл өз жалғасын таппақ
10 наурыз, 15:21
Елімізде 163 жаңартылатын энергия нысаны жұмыс істейді - вице-министр
05 наурыз, 16:08
Батыс Қазақстанда су тасқынына қарсы дайындық шаралары күшейтілді
18 ақпан, 13:05
Жаңа Конституция: Ресурстық экономикадан – Интеллектуалдық модельге