jasqazaq.kz

Сирия мәселесі бойынша келіссөз Астанада 23 қаңтарда басталады

04 қантар 2017, 14:58

Түркия Сыртқы істер министрі Мевлют Чавушоглу Сирия проблемасын реттеуге арналған келіссөздер 23 қаңтарда Астанада өтетіндігін мәлім етті. Бұл жайында ҚазАқпарат Блумберг агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды. Бұған дейін түрік СІМ басшысы Ресей сарапшылары Сирия бойынша келіссөздерге дайындық мәселелерін талқылау үшін 9-10 қаңтарда Түркияға келетіндігін мәлім еткен болатын, деп жазды Ресейдің Жаңалықтар ақпарат агенттігі. Бұған дейін Президент Путин түрік көшбасшысы Тайып Ердоғанмен Сирияда қақтығысушы тараптарға Астанада жаңа алаңда бейбіт келіссөз үдерісін жалғастыруды ұсыну жайлы уағдаласқанын хабарлаған. Оның айтуынша, бұл Женева келіссөздерін толықтырады.  Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Путин және Ердоғанмен телефон арқылы сөйлесу барысында бұл бастаманы қолдап, Қазақстан елордасында мұндай келіссөздер жүргізу үшін қажетті жағдай жасауға дайын екенін мәлімдеді.

 

26 наурыз, 14:08
Әлібек Молдакәрімов: Өңірдегі жобалар негізінен өңдеу өнеркәсібіне бағытталған
26 наурыз, 12:46
АЭС құрылысы: Дұрыстығы дәлелденген тарихи шешім
20 наурыз, 11:24
Қорғаныс қабілеті мықты мемлекет ертеңге сеніммен қарайды
19 наурыз, 12:31
Әскери ынтымақтастық: Қуатты қорғаныс саясатының берік кепілі
18 наурыз, 13:39
«Таза Қазақстан» әркімнің өзінен басталады
18 наурыз, 12:56
Мирас Тоқтарханов: Абай облысында ауыл шаруашылығының барлық бағытына қолдау бар
17 наурыз, 15:22
Мұнай өңдеу: Әлеует пен әрекет үндескенде
17 наурыз, 12:25
Рәтбек Демеуберген: Біздің басты міндетіміз - кез келген жағдайға жедел әрекет ету
16 наурыз, 14:26
Бауыржан Ізмағамбетов: Ауыз су жүйесімен қамту деңгейі 100 пайызға жетті